Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 24.05.2018 № 26/169-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 13/103-IV "Тіркелген салық ставкалары туралы" шешімге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 26 қаңтарда № 5-2-102 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 5 "Семей таңы" және "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымша жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының | |
төрағасы, мәслихат хатшысы | Қ. Мирашев |
2011 жылғы 5 қазандағы № 41/279-IV шешімге қосымша |
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары
Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш бойынша) |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 6 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 6 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
Ойын жолы | 13 |
Карт | 2 |
Бильярд үстелі | 8 |
Қалалық мәслихаттың хатшысы Қ. Мирашев