Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 01.10.2024 № 295 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, қарауында оқытылып және тәрбиеленетін мүгедек-балалары бар ата-аналарға көмек көрсету мақсатында Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Риддер қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 1985 "Үйде оқытылып және тәрбиеленетін, мүгедек - балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы" (Риддер қаласының Әділет басқармасында 2006 жылдың 23 ақпанында тіркелген № 5-4-24, "Вечерка" газетінде 2006 жылдың 05 мамырында № 18 жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақ "2006 жылдың 1 қаңтарынан материалдық қамтамасыз етудің мөлшері ай сайын 7581 (жеті мың бес жүз сексен бір) теңге соммасында бекітілсін" келесі баспада баяндалсын:
"2008 жылдың 1 сәуірінен бастап материалдық қамтамасыз етудің мөлшері ай сайын 8000 (сегіз мың) теңге соммасында бекітілсін";
2) 4 тармақ "Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Г.Д. Ушановаға жүктелсін" "Г.Д. Ушанова" деген сөз "Р.В. Дюсебаева" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Р.В. Дюсебаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы мемлекеттік әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Н.Х.Тілемісов |