Бородулиха ауданы тұрғындарының әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үйді ұстауы және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихатының 2008 жылғы 13 наурыздағы N 6-2-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы әділет басқармасында 2008 жылғы 21 наурызда N 5-8-58 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-10-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 09.02.2009 N 16-10-IV шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68, 97 баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 «Қазақстан Республикасында түрғын үй – коммуналдық саланы дамытудың 2006 -2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысы негізінде Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымша ұсынылып отырған Бородулиха ауданының тұрғындарының әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үйді күтуге және тұрғын үй - коммуналдық қызметтерге ақы төлеуі үшін тұрғын үй көмегін беру ережесі бекітілсін.
      2. Бородулиха аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 26-7 «Жеткілікті қамтамасыз етілмеген азаматтарға тұрғын үйді күтуге және тұрғын үй - коммуналдық қызметтерге ақы төлеуі үшін тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы», нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-8-39 санымен тіркелген, «Пульс района» газетінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 5 (6159) санында жарияланған шешімнің және Бородулиха аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 23 шілдедегі № 30-5 «Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 26-7 «Жергілікті қамтамасыз етілмеген азаматтарға тұрғын  үйді күтуге және тұрғын үй - коммуналдық қызметтерге ақы төлеуі үшін тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 5-8-48 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 51 (6205) санында жарияланған шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы                      Б. Аргумбаев

      Аудандық мәслихаттың
      2008 жылғы 13 наурызындағы
      кезектен тыс VI сессиясының
      № 6-2-IV шешімімен
      БЕКІТІЛДІ

      Бородулиха ауданының әлеуметтік қорғалатын тобына
     тұрғын үйді күтуге  және тұрғын үй - коммуналдық
       қызметтерге ақы төлеуі үшін тұрғын үй көмегін беру
      ЕРЕЖЕСІ

      1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңынының 6897 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 «Қазақстан Республикасында түрғын үй – коммуналдық саланы дамытудың 2006 -2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына үйді күтуге және түрғын үй - коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуі  үшін көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) көрсетіледі.
      2. Жергілікті жылыту орталығы бар жеке меншік үй құрылыстарында  тұратын тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын тобына әлеуметтік көмек бір рет беріледі.
      3. Тұрғын үй көмегі – мекен-жайлық әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады және осы елді мекенде  тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе оның жалдаушысы (жалгері) болып табылатын азаматтарға (отбасыларға) беріледі. Бір әкімшілік-аумақтық бөлімде  тұрғын үй жалдаған адам осы бөлімнің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуге алынуы мүмкін.
      4. Отбасының тұрғын үйді күтуге және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеген нақты шығындары осы мақсаттарға арналған рұқсат етілген ең жоғарғы үлестен асып кеткенде тұрғын үй көмегі тағайындалады. Бұл кезде отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегімен есептеледі.
      5. Тұрғын үйді күтуге және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге арналған  шығындардың ең жоғарғы рұқсат етілген үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 11 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылатын тұрғын үйді күтуге арналған шығындардың көлемі, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электр жарығымен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифтілерге қызмет көрсету) тұтынудың нормативтері жергілікті деңгейде бекітіледі.
      7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне тарифтерді қызмет көрсетушілер ұсынады.

      2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары

      8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасы құрамындағы тұрғын үй иесімен бірге тұратын ерлі-зайыптылар, олардың балалары, жақын туыстары (аға-бауырлары, апай-қарындастары, аталары, апалары және т.б.) есепке алынады.
      Ата-анасынан бөлек тұратын 18 жасқа дейінгі балалар ата- анасының жанұясында деп есептеледі. Егер ата-анасы ата-аналық құқығынан айырылған жағдайда болса, бала қорғаншылардың (жанашырының) жанұясында деп есептеледі.
      10. Егер құрамында 50 жастағы әйелдерді, 55 жастағы ер адамдарды, барлық топтағы мүгедектерді, I, II топтағы мүгедектердің күтімімен айналысатын тұлғаларды, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың күтетіндерді,  80 жастан асқандарды күтетіндерді, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен, 18 жасқа дейінгі төрт немесе одан да көп бала  тәрбиесімен шұғылданатын аналарды, түберкулезбен, онкологиялық, наркологиялық аурулармен ауратындарды, мүгедектігі жоқ, бірақ есепте тұратындарды, жүктілігі 12 аптадан асқан жүкті әйелдерді есептеменгенде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және еңбекпен қамту қызметінде тіркелмеген жұмысқа  жарамды адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ. Жедел әскери қазметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      11. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласудан, оқыту мен қайта оқытуға қатысудан бас тартқан жұмыссыздар алты айға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      12. Тұрғын үй көмегін алуға құқылы отбасылар мен азаматтар конжоминиумнің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жасауға кеткен шығындарды төлеуге құқылы.
      13. Тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген кезде коммуналдық қызметтер үшін берекшектері бар отбасыларға ережеге сәйкес олардың қарыздарына қарамастан, есепке тіркелген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу туралы шартпен тұрғын үй көмегі тағайындалады. Бұрынғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызметті ұсынушылармен келісіледі және бақылауға алынады.
      14. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта аттестаттау тоқсан сайын жүргізіледі. Бүл кезде отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда коммуналдық қызметтерге ақы төлегендігі туралы түбіртектер қоса беріледі.
      15. Егер отбасының жан басына шыққандағы жиынтық табыстары кедейлік шегіндегі мөлшерден төмен болса, онда тұрғын үйді күтуге және тұрғын үй – коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған тұрғын үй көмегін анықтау кезінде жиынтық  табыстары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгілі бір уақыт мерзіміне белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде түзетіледі (шегеріліп есептеледі).
      16. Жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерге, бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен мүгедектерге, сондай-ақ құрамында бірыңғай жетім балалары бар отбасыларға көмек беру мақсатында тұрғын үй көмегін есептеген кезде олардың табыстары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгілі бір уақыт мерзіміне белгіленген екі айлық көрсеткіш көлемінде түзетіледі (шегеріліп есептеледі).
      17. Орталықтандырылған жылу жүйесі бар жеке үйлерде тұратын  тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үй көмегін есептеген кезде қызмет беруші ұсынған жылуға төленген ақылардың шығыны тұрғын үй көлемінің әлеуметтік нормасының тарифі шегінде есептелсін.
      18. Жылу беру маусымында орталықтандырылған жылу беру және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріне қосылмаған және пәтерлерін дербес жылыту құралдарымен жылытатын үйлердегі пәтерлердің иелеріне тұрғын үй көмегі тағайындалады. Бүл кезде тұрғыг үй көлемінің нормалары мен қызмет берушінің тарифтеріне сәйкес электр қуаты үшін төленген сома жылу мен ыстық суға төленген ақылардың балама сомасы ретінде есептеледі.
      19. Тұрғын үй көмегінен үміткер отбасыларға тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі шектеулер есепке алынады:
      1) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмен  ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берушінің мекен-жайы бойынша тағайындалады;
      2) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпейді) және бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш бермеген болса – жәрдемақы тағайындалмайды;
      3) өтініш берушінің үйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген, ал оның  ата-аналары басқа мекен-жайда тіркелген - өтініш беруші  баланың ата-аналарының табыстары туралы да анықтама тапсыруы керек;
      4) өтініш беруші жалғыз тұрады және оқу орнының күндізгі болімінде оқиды - өтініш беруші ата-аналарының табыстары және олардың тұрғын үй көмегін алған-алмағандығы туралы анықтама тапсыруы қажет;
      20. Тұрғын үй көмегін алудан үміткер немесе оны алып отырған отбасылар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе селолық және кенттік округ әкімдіктеріне өтінішпен қоса келесі құжаттарды ұсынады:
      - төлқұжат немесе жекебас куәлігі(тоқсан сайын);
      - отбасы құрамы туралы анықтама (тоқсан сайын);
      - отбасы табыстары және басқа табыстар туралы анықтама(өткен тоқсанға);
      - барлық коммуналдық қызметке ақы төлегені туралы түбіртектер (өткен тоқсанға);
      - сатылып алынған көмір туралы түбіртек немесе қосымшаға сәйкес жеке жабдықтаушылардан сатып алған көмірінің бар екендігі туралы акті;
      - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар үшін жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама (тоқсан сайын);
      - жеке аулалық шаруашылығының бар-жоқтығы туралы мәліметтер (тоқсан сайын);
      - азаматтарды тіркеу кітабы немесе шаруашылық кітабындағы мәліметтерге сілтеме жасалған тұрғылықты жерінен анықтама;
      - тұрғын үйге арналған құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет келесі жылғы қайта тағлымдауға дейін немесе басқа да өзгерістер болғанға дейін).
      Тұрғын үйге арналған құқықты куәландыратын құжаттардың бірі:
      - сатып алу-сату шарты;
      - жекешелендіру шарты;
      - тұрғын үйді иелену құқығына арналған ордер.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2008.10.09 N 12-9-IV шешімімен.
      21. Отбасыға ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойыынша өтініш-шарт жасалады, бұған отбасы өкілі немесе отбасы атынан әрекет ететін адам және құжаттарды қабылдап алған адам қол қояды.
      22. Тұрғын үй жәрдемақысын үсыну үшін уәкілетті органның шешімі негіз болып табылады.
      23. Электр қуатымен, газбен, канализациямен, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету, сумен қамтамасыз ету және тұрғын үйді пайдалану бойынша шығындар түбіртектер арқылы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанға орташа есеппен есептеледі.
      24. Тұрғын үй көмегі осы көмекті тағайындауға қажетті өтініш және басқа құжаттарды тапсырған айдан бастап тағайындалады.
      25. Тұрғын үй көмегін алушылар  тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншіктік нысандарындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табыстарындағы, сондай-ақ мәртебесіндегі кез-келген өзгерістер туралы 10 күн ішінде хабарлауға тиісті.
      26. Берілген ақпараттардың шынайылығына күмән туған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерінің шынайы тұрғылықты  жерлері туралы қосымша құжаттар талап етуге құқылы. Заңды және жеке  тұлғалар шынайы ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар берілмеген жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті органға әдейі жалған мәлімет тапсырса, ал бұл жоғары көлемдегі немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеліп соқса меншік иесі (жалгер) заңсыз алған сомасын өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.

      3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      27. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалгердің) тұрғын үйді ұстауғаны және коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін өтемақылық шараларды қамтамасыз ететін нормалар шегінде төлеген нақты төлемі мен осы отбасының осы мақсаттарға арналған шекті ұйғарында шығындары арасындағы айырма ретінде есептеледі.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
      К = ЕЖТҮӘТ – (t х д);
      бұл жерде: К – тұрғын үй көмегінің мөлшері;
      ЕЖТҮӘТ – тұрғын үй үшін ең жоғарғы әлеуметтік төлем;
      t – тұрғын үйге ақытөлеуге  арналған нормативтік шығын (=20%)
      т – отбасының жиынтық табысы.
      Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі әлеуметтік норма қолданылсын:
      1) көлем нормасы:
      - жалғыз тұратындар үшін – 30 ш.м.;
      - екі адам тұратын отбасылар үшін – 30 ш.м.;
      - үш немесе одан да көп адамдардан тұратын отбасылар үшін - әр адамға 15 ш.м..
      2) көгілдір отын шығысының нормасы:
      - орталықтандырылған көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін үйлерде тұратын отбасылар үшін – айына бір адамға 5,5 кг;
      - жер үй құрылыстарында тұратын отбасылар үшін – айына 1 баллон.
      3) электр энергиясын пайдалану нормасы:
      - 1 адам тұрса – 72 кВт;
      - 2 адам тұрса – 114 кВт;
      - 3 және одан да көп адам тұрса - әр адамға 50 кВт.
      Тұрғын үйді қамсыздандыруға қажетті су, жылу, қокыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтері қызмет көрсететіндермен ұсынылады.

      4. Тұрғын үй көмегін алудан үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын есептеу

      28. Тұрғын үй көмегін алудан үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін жүзеге асырушы өкілетті органдармен есептеледі.
      29. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде табыстардың төмендегілерден басқа  барлық түрлері есептеледі:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы;
      3) тұрғын үй көмегі;
      4) қайтыс болған адамды жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      5) баланың туылғанына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      6) есеп беру кезеңде көрсетілген  белгіленген ең төменгі күн көріс сомасының шамасынан төмен ақшалай және заттай  қайрымдылық көмектер;
      7) жеке меншік ісін немесе жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға арналған материялдық көмектер;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан отбасы адамдарының денсаулықтарына және мүліктеріне келтірілген шығынды өтеу мақсатында отбасыға көрсетілген көмектер, жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен жекелеген санаттағы азаматтарға  берілетін  әлеуметтік төлемақылар;
      9) Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге берілетін біржолғы ақшалай өтемақы;
      10) асырап алушылардың табыстарына асырап алынғандардың табыстары қосылмайды.
      Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2008.10.09 N 12-9-IV шешімімен.
      30. Ауылдық жерлердің тұрғындары үшін жеке қосалқы шаруашылығынан, саяжай учаскелерінен, бау-бақшалардан түсетін табыстар бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      31. Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген табыс болып есептеледі.
      32. Құжаттамалы расталған табыстардың түрлеріне еңбек қызметінен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттен түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысына келесі жағдайларда  алименттер қосылмай есептеледі, егер төлем төлеуші:
      1) жұмыс істемесе және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелсе (анықтама ұсынылған жағдайда);
      2) бас бостандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында болса (анықтама ұсынылған жағдайда);
      3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде  (стационарларда), емдеулу-еңбек профилакториларында (ЕЕФ) емделіп жатса немесе есепте болса (анықтама ұсынылған жағдайда);
      4) Қазақстан Республикасымен сәйкес келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты тұру үшін кетсе (анықтама ұсынылған жағдайларда).
      33. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын  құжаттау және тіркеуге алу ережелеріне сәйкес тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тіркелген адамдар отбасының құрамында есептеледі. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен-жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
      34. Бір тоқсаннан көп мерзім бойы төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста табыстың жалпы сомасын оны алған айларға бөліп, үш айға көбейткенде шыққан табыс мөлшері есептеледі. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
      35. Отбасының бір ай ішіндегі жан басына шаққандағы табыстары отбасының бір тоқсандағы жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі.
      36. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің шынайылығы үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.

      5. Жергілікті жылыту орталығы бар жеке меншік үй
      құрылыстарында тұратын табысы аз тұрғындардың
       әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үй көмегін
      берудің тәртібі

      37. Жергілікті жылыту орталықтары бар жеке меншік үй құрылыстарында тұратын табысы аз тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын тобына берілетін тұрғын үй көмегі тұрғын үйді жалға алу шарты болған жағдайда тұрғын үй иелеріне, жалдаушыларға беріледі.
      38. Жергілікті жылыту орталығы бар жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метріне  129,8 кг, алайда бір үйге 5000 кг. мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есепке алынсын.
      39. Көмірдің құнын есептеу үшін қала бойынша, аудан бойынша аудандық (қалалық)  статистика және ақпарат басқармасы ұсынған тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы  жағдаймен алғандағы орташа баға қолданылсын.
      40. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде жеке меншік үй құрылысының жергілікті жылыту орталығына қолданылған жанармайдың басқа түрінің  шығынының нормасы мен құны шығынының нормасы мен құнына балама ретінде есептеледі.
      41. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептелсін.
      42. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының орташа табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға арналған есептелсін.
      43. Бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (отбасына) тағайындалады, бұл кезде көмірдің әлеуметтік нормасының құны әр отбасының алып отырған ауданына сайма-сай етіліп бүкіл үйге бөлінеді.
      44. Электр қуатымен, газға, суға, қоқыс шығаруға кеткен  шығындар өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер бойынша орташа көлеммен есепке алынады.

      6. Тұрғын үй көмегін алушылардың санынан
      кондоминиум объектілеріне күделі жөндеу жүргізуге арналған тұрғын үй көмегін беру

      45. Кондоминиум объектілерінің жалпы мүліктеріне күрделі жөндеу өткізуге арналған тұрғын үй көмегі өтініш берілген мерзімнен бастап жылына бір рет осы мақсатқа арналған шығындардың жалпы жиынының белгіленген 100 пайыздық мөлшерінде ақшай түрде тұрғын үй көмегін алушыға беріледі. Бүл кезде тұрғын үй көмегін алушылардың төлемі күрделі жөнлеу жүргізуге арналған шығындардың жалпы үлесінің шегінде анықталады.
      Кондоминиумнің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуді қоса есептегенде тұрғын үй көмегін алушы отбасылар және тұлғалар келесі құжаттарды қосымша ұсынады:
      - пәтерлердің меншік иелерінің жалпы жиналысының күрделі жөндеу жүргузіге арналған мақсатты жарналардың көлемін анықтайтын шешімдерінің көшірмесі;
      - кондоминиумнің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргузіге арналған мақсатты жарналардың көлемін анықтайтын шешімдерінің көшірмесі;
      - кондоминиумнің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге туралы күрделі жөндеу жасайтын ұйыммен жасалған шарт (көшірмесі).
      Күрделі жөндеуге арналған тұрғын үй көмегін беру екінші дәрежедегі банктер арқылы алушының жеке жинақ шотына немесе конжоминиум объектілерінің жеке банктік шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.
      Мақсатты жарналар сомасын анықтағаны және қаржыларды шығындағаны үшін кондоминиум объектілерінің органдары жауапкершілікте болады.

      7. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      46. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі және ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      47. Тұрғын үй көмегін беру осы мақсаттарға арналып жергілікті бюджеттен бөлінген қаржаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша жеке шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банкілер арқылы жүзеге асыралады. Тұрғын үй көмегі беру тәртібі мен шарты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен тиісті банкілер арасында жасалған агенттік келісіммен белгіленеді.
      
      
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы          Бектембаева Ф.Ф.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады