2008 жылғы 13 наурыздағы N 6-2-IV "Бородулиха ауданы тұрғындарының әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үйді күтуге және тұрғын үй - коммуналдық қызметтерге ақы төлеуі үшін тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы" шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 09 қазандағы N 12-9-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 28 қазанда N 5-8-67 тіркелді.Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-10-IV шешімімен күші жойылды

      Ескерту. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 09.02.2009 N 16-10-IV шешімімен күші жойылды.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68, 97 баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 "Қазақстан Республикасында тұрғын үй - коммуналдық саланы дамытудың 2006- 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысы негізінде Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 13 наурыздағы N 6-2-IV Бородулиха ауданы тұрғындарының әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үйді күтуге және тұрғын үй - коммуналдық қызметтерге ақы төлеуі үшін тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы", нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 5-8-58 санымен тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінің 2008 жылғы 28 мамырдағы № 13 (6220) санында жарияланған шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Бородулиха ауданы тұрғындарының әлеуметтік қорғалатын тобына тұрғын үйді күтуге және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуі үшін тұрғын үй көмегін беру ережесінде
      1) 2 бөлімінің 20 тармағы келесі түрде баяндалсын:
      "Тұрғын үй көмегін алудан үміткер немесе оны алып отырған отбасылар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе селолық және кенттік округ әкімдіктеріне өтінішпен қоса келесі құжаттарды ұсынады:
      - төлқұжат немесе жекебас куәлігі(тоқсан сайын);
      - отбасы құрамы туралы анықтама (тоқсан сайын);
      - отбасы табыстары және басқа табыстар туралы анықтама(өткен тоқсанға);
      - барлық коммуналдық қызметке ақы төлегені туралы түбіртектер (өткен тоқсанға);
      - сатылып алынған көмір туралы түбіртек немесе қосымшаға сәйкес жеке жабдықтаушылардан сатып алған көмірінің бар екендігі туралы акті;
      - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар үшін жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама (тоқсан сайын);
      - жеке аулалық шаруашылығының бар-жоқтығы туралы мәліметтер (тоқсан сайын);
      - азаматтарды тіркеу кітабы немесе шаруашылық кітабындағы мәліметтерге сілтеме жасалған тұрғылықты жерінен анықтама;
      - тұрғын үйге арналған құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет келесі жылғы қайта тағлымдауға дейін немесе басқа да өзгерістер болғанға дейін).
      Тұрғын үйге арналған құқықты куәландыратын құжаттардың бірі:
      - сатып алу-сату шарты;
      - жекешелендіру шарты;
      - тұрғын үйді иелену құқығына арналған ордер.
      2) 4 бөлімнің 29 тармағының 5 тармақшасында "1 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақы" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                               А. Құрмысов
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                     Б. Аргумбаев

      Аудандық мәслихаттың
      2008 жылғы 9 қазандағы
      N 12-9-IV шешіміне
      № 1 қосымша

      Сатып алынған көмірдің бар екенігі туралы
      АКТ

      _________________                "___"___________200_ж.
      Біз,төменде қол қойғандар:
      комиссия төрағасы:________________________________________
                                       (Т.А.Ә.)
      комиссия құрамы:__________________________________________
      __________________________________________________________
      __________________________________________________________
                          (комиссия құрамының Т.А.Ә.)
      __________________________________________________________
                               (өтініш берушіден)
      тұрмыс жағдайын және 200_-200_ жылдардағы қысқа арнап сатылып алынған көмірінің бар болуын тексердік және анықтадық:
      ______________________________________________________жанұясы
      200_ - 200__ жылдардағы қысқа арнап мөлшері___ тонна,құны
      ___________________теңгеден,сомасы________________теңгеге көмір сатып алған.
      Жабдықтаушының мәліметтері:_______________________________
                                             (Т.А.Ә.)
                                 _______________________________
                               (жекебас куәлігінің мәліметтері)
                                 _______________________________
                                            (СТН,ӘЖК)
                                 _______________________________
                                         (тұратын мекен-жайы)
                                 _______________________________
         (патентінің № немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі)
      Комиссия төрағасы:_______________________   ______________
                               (Т.А.Ә.)                (қолы)
      Комиссия құрамы:_________________________   ______________
                               (Т.А.Ә.)                (қолы)
                      _________________________   ______________
                               (Т.А.Ә.)                (қолы)
                      _________________________   ______________
                               (Т.А.Ә.)                (қолы)
      Акті менің қатысуыммен толтырылды, актімен келісемін:
      _____________ "__" ___________ 200_ж.
         (қолы)           (датасы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады