Тамақ өнімдеріне арналған бағаның қымбаттағанына байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы алатындардың ішінен шыққан жанұяларға әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулық бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 желтоқсандағы N 13-2-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 3 желтоқсанда N 5-8-70 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 11 тамыздағы N 19-4-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық маслихатының 2009.08.11 N 19-4-IV шешімімен.
      
      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді, мәтінде "ереже" сөзі "нұсқаулық" сөзімен ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-9-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қантардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы, аудандық мәслихат сессиясының 2008 жылғы 9 қазандағы № 12-6-IV «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 3-3-IV «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылы 23 қазанда № 5-8-66 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2008 жылы 31 қазандағы № 47 (6254) жарияланған) шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы № 530 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын қосымша әлеуметтік қолдау жөніндегі 2008-2011 жылдпрға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тамақ өнімдеріне арналған бағаның қымбаттағанына байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы алатындардың ішінен шыққан жанұяларға әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және рәсми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                  Ү. Эфендиев
      
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                          Б. Аргумбаев

Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 13-2-IV шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

 Тамақ өнімдеріне арналған бағаның қымбаттағанына
байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
және 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік
жәрдемақы алатындардың ішінен шыққан жанұяларға
әлеуметтік көмек көрсетудің
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

       1. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қантардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 9 қазандағы № 12-6-IV «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 3-3-IV «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылы 23 қазанда № 5-8-66 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2008 жылы 31 қазандағы № 47 (6254) жарияланған) шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы № 530 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын қосымша әлеуметтік қолдау жөніндегі 2008-2011 жылдпрға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді.

2. Әлеуметтік көмекті тағайындау.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-9-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

      2. Әлеуметтік көмек тамақ өнімдеріне арналған бағаның қымбаттағанына байланысты келесі жанұяларға беріледі:
      1) 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынға әлеуметтік жәрдемақы алатындар;
      2) 2008 жылдың ағымдағы тоқсанында жәрдемақының осы түріне ресімделген және Бородулиха ауданы аумағында тұрақты тұратын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (жанұяға бір рет асептелетін) алатындар.
      3. Әлеуметтік көмектің көлемі аудандық бюджеттің мүмкіндіктері бойынша 4 еселі айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленеді.
      4. Әлеуметтік көмек бір рет тағайындалады.
      5. Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті» және «Мемлекеттік балалар жәрдемақысын» алатындардың базасына сәйкес құрылады.

 3. Әлеуметтік көмекті төлеу.

      6. Әлеуметтік көмекті төлеу Бородулиха ауданының екінші деңгейдегі банктерінің бөлімшелерінде іске асырылады.

 4. Қаржыландыру көздері.

      7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі аудандық бюджет болып табылады.
      
      
      Аудан әкімі аппараты
      басшысының міндетін
      атқарушы                                     С. Гальченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады