2009 жылға арналған нысаналы топтарды және нысаналы топтардағы адамдарға әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындардын тізімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 1250 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 қаңтарда N 5-9-94 тіркелді. Күші жойылды Глубокое аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 05 қаңтардағы N 395 қаулысымен

      Ескерту . Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2010.01.05 N 395 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңына, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға енгізілсін:
      аз қамтылған адамдар;
      жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
      кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты, көп балалы ата-аналар;
      Қазақстан Республикасының заңдарының тәртіптерімен белгіленген асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет ететін адамдары бар азаматтар;
      мүгедектер;
      бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан келген адамдар;
      оралмандар;
      әйелдер;
      50 жастағы және одан үлкен адамдар;
      есірткіге тәуелді тұлғалар;
      ВИЧ – жұқтырған азаматтар.
      1-1. Жол картасы бағдарламасын іске асыру  шегінде нысаналы топтарға қосымша енгізілсін:
      1) мектептер және кәсіптік оқу мекемелерінің түлектері;
      2) өндіріс ұйымдастыруындағы өзгертулерге, оның ішінде қайта құру және (немесе) жұмыс көлемін қысқартуға байланысты толық емес жұмыс уақытында жұмыс істейтіндер;
      3) еңбек ақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
      4) жазғы демалыстағы студенттер;
      5) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (бір жылдан астам).
      Ескерту. 1-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды – Глубокое ауданы әкімдігінің 2009.06.04 N 185 қаулысымен.
      2. Нысаналы топтардағы адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын кұратын кәсіпорындардың келісілген қосымша тізімі бекітілсін.
      2-1. Жол картасы бағдарламасын іске асыру шегінде қосымша әлеуметтік топтардағы адамдарға әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар тізіміне әлеуметтік маңызды жұмыстар жасайтын кәсіпорындар енгізілсін.
      Ескерту. 2-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды – Глубокое ауданы әкімдігінің 2009.06.04 N 185 қаулысымен.
      3. Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылы 18 қаңтарда № 5-9-76 болып тіркелген («Огни Прииртышья» газетінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 7 санында жарияланған) «Нысаналы топтарды және нысаналы топтардағы адамдарға әлеуметтік жұмыс орындарын кұратын кәсіпорындардың тізімін белгілеу туралы» Глубокое аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 628 қаулысының күші жойылған деп саналсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В.Лаптевке жүктелсін.
      5. Қаулы ресми жарияланған бірінші күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Глубокое ауданының әкімі                   Д.Бейсембаев

Глубокое аудандық  
әкімдігінің қаулысымен 
18 желтоқсан 2008 ж. № 1250
бекітілген    

Жұмысқа орналастыру үшін нысаналы топтпрға кіретін жұмыссыздар
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын кұратын
кісіпорындардың тізімі

 

Кәсіпорындародың аталуы

Жұмыс орындарының
саны

1

ЖШС «Өндірістік–Комерциялық фирма «Шахан–Ата»

6

2

ЖК Богомолова Раиса Виленовна

5

3

ҚЖ Барс

4

 

Барлығы

15

      «Глубокое аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» ММ басшысы                          М. Пономарева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады