Ескерту . Күші жойылды Глубокое аудандық әкімдігінің 2010.01.05 N 395 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2009 жылғы 6 наурыздағы Мемлекет Елбасының Қазақстан халқына "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Жолдауын іске асыру бойынша 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысын орындау мақсатында Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1 тармақ келесі мазмұндағы 1-1 тармақшамен толықтырылсын:
«1-1. Жол картасы бағдарламасын іске асыру шегінде нысаналы топтарға қосымша енгізілсін:
1) мектептер және кәсіптік оқу мекемелерінің түлектері;
2) өндіріс ұйымдастыруындағы өзгертулерге, оның ішінде қайта құру және (немесе) жұмыс көлемін қысқартуға байланысты толық емес жұмыс уақытында жұмыс істейтіндер;
3) еңбек ақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
4) жазғы демалыстағы студенттер;
5) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (бір жылдан астам).
2 тармақ келесі мазмұндағы 2-1 тармақшамен толықтырылсын:
«2-1. Жол картасы бағдарламасын іске асыру шегінде қосымша әлеуметтік топтардағы адамдарға әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар тізіміне әлеуметтік маңызды жұмыстар жасайтын кәсіпорындар енгізілсін».
2. Осы қаулының орындауына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Пономареваға М.Н. жүктелсін.
3. Қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі, 2009 жылғы 1 маусымнан басталған қарым - қатынастарға таратылады.
Глубокое ауданының әкімі В.Кошелев