2010 жылдың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 05 қаңтардағы N 395 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 03 ақпанда N 5-9-123 тіркелді. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 923 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2010.12.23 N 923 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын адамдардың негізгі тізіміне нысаналы топтарға кіретін тұлғалардың қосымша тізімі белгіленсін:
      50 және одан үлкен жастағылар;
      есірткіге тәуелділер;
      ВЖА – жұқтырған азаматтар;
      мектеп және кәсіби оқу орындарының түлектері;
      өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, оның ішінде қайта құру және (немесе) жұмыс көлемін қысқартуға байланысты толық емес жұмыс тәртібінде жұмыс істейтіндер;
      еңбек ақысы сақталмайтын еңбек демалысындағылар;
      жазғы демалыстағы студенттер;
      ұзақ уақыт жұмыс істемегендер ( бір жыл көлеміндегі).
      2. Глубокое аудандық әкімдіктің «2009 жылға арналған нысаналы топтарға кіретін тұлғаларға әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар тізімін және мақсатты топты анықтау туралы» аудандық әкімдіктің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1250 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылғы 15 қаңтарда № 5-9-94 болып тіркелген, «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 5 санында жарияланған), «2009 жылға арналған нысаналы топтарға кіретін тұлғаларға әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар тізімін және мақсатты топты анықтау туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1250 қаулысына өзгертулер енгізу туралы 2009 жылғы 4 маусымдағы № 185 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылғы 9 маусымда № 5-9-105 болып тіркелген «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 19 маусымдағы № 25 санында жарияланған), қаулыларының күші жойылған деп саналсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Пономареваға жүктелсін.
      4. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған бірінші күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Глубокое ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                        В. Лаптев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады