Біржолғы талондардың құны туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 14/5-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қаңтарда N 5-19-89 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 8/17-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012.12.21 N 8/17-V шешімімен (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 426-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына36-бабының 6-тармағына және «Біржолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 бұйрығына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шемонаиха қаласының, Первомайский, Усть-Таловка кенттерінің   және аудан ауылдарының базарларында тауарларды өткізу құқығына біржолғы талондардың құны базарлардың қимасында белгіленсін (1 қосымша).
      2. Біржолғы талондар негізінде ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны белгіленсін (2 қосымша).
      3. Шемонаиха аудандық мәслихатының «Аудан базарында тауар сатумен айналысатын, жұмыс істейтін және қызмет көрсететін жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құнын бекіту туралы» 2006 жылғы 12 мамырдағы № 25/6-ІІІ (нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-19-33 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 23 «ЛЗ Сегодня» газетінде жарияланған), «Аудан базарында тауар сатумен айналысатын, жұмыс істейтін және қызмет көрсететін жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құнын бекіту туралы» 2006 жылғы 12 мамырдағы № 25/6-ІІІ Шемонаиха аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 24 шілдедегі № 35/7-ІІІ (нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-19-59 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 24 тамыздағы № 34 «Уба-информ» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Сессия төрағасы            В.И. ГЕБЕРТ

      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы       Ә.О. БАЯНДИНОВ      

Шемонаиха аудандық мәслихатының
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 14/5-ІV шешiмiне
№ 1 қосымша

Шемонаиха қаласының, Первомайский, Усть-Таловка кенттерінің және аудан ауылдарының базарларында тауар өткізуші азаматтарға базарлардың қимасындағы біржолғы талондардың құны (әр сатушыдан бір сауда күні үшін теңгемен) 

Сауда түрлері және тауарлардың ассортименті Қала базарларында теңгемен есептегенде біржолғы талондардың құны Кенттер, селолар базарларында теңгемен есептегенде біржолғы талондардың құны

Азықүлік тауарлары



Прилавкадан саудалау

187

140

Палаткалардан саудалау

0

70

Машинадан саудалау

0

175

Ет сату

280

280

Сүт өнімдерін сату

47

0

Самсаны сату

234

234

Кәуәпті сату

210

210

Балды сату

117

117

Балықты сату

140

140

Кәсіпкерлік тауарлар



Прилавкадан саудалау

163

128

Палаткалардан саудалау

105

58

Контейнерлерден саудалау

199

0

Машинадан саудалау

0

164

Сыпырғышты сату

0,20

0,20

Шемонаиха аудандық мәслихатының
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 14/5-ІV шешiмiне
№ 2 қосымша

      Ескерту. 2 қосымшаға өзгеріс енгізілді – ШҚО Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009.04.07 N 17/4-IV шешімімен.

Біржолғы талондар негізінде ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны
 

Сауда түрлері және тауарлардың ассортименті Теңгемен есептегенде бір күнгі біржолғы талонның құны

Газет және журналдарды өткізу

58

Тұқымдарды, сондай-ақ отырғызатын материалдарды (ағаштар, өсімдіктер) өткізу

58

Бақша дақылдарын машинадан өткізу

280

Өсірілген гүлдерді өткізу

58

Қосалқы ауыл шаруашылығының, бақшалықтың және сяжай телімдерінің өнімдерін өткізу

23

Жеке тракторлардың иелерімен жер телімдерін өндеу бойынша қызмет атқару

175

Жолы алынып тасталды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009.04.07 N 17/4-IV шешімімен

Шемонаиха қ. малдарды жаю

175

Ауданның кенттерінде, ауылдарында малдарды жаю

105

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады