Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012.12.21 N 8/17-V шешімімен (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ
ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Біржолғы талондардың құны туралы» 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/5-ІV (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-19-89 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 23 қаңтардағы «Уба - Информ» газетінің № 4 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің 2-қосымшасындағы
«Жеке жеңіл көліктердің иелерімен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет атқару (лицензияланатын тасымалдаудан басқа): 1. жеңіл автомобильдері: қалааралық тасымалдаулар, аудандық тасымалдаулар, қала ішіндегі тасымалдаулар» жолы алынып тасталсын.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Е. АЙТМҰХАМЕД
Шемонаиха аудандық
мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы Г. АНДРОНОВА