Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 23-3 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-66 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 маусымдағы аудандық "Екпін" газетінің 29-30 нөмірлерінде жарияланған) шешіміне мынандай толықтырулар енгізілсін:
3 тармағының 2 тармақшасы "отбасының" деген сөзден кейін "өткен тоқсандағы" деген сөздермен;
9 тармағының 2 абзацы "әлеуметтік көмектен" деген сөздерден кейін "азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген азаматтарға көрсетілетін ақшалай немесе заттай түрдегі көмектің, бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақының, жерлеуге берілетін материалдық көмектің құнынан" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім аудандық "Екпін" газетінің бір нөмірінде (директор-редакторы С. Ашығалиев) жариялансын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Аудандық мәслихат хатшысы