1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 12 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қаңтарда N 7-11-83 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі N 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 07.04.2009 N 5 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскер қызмет туралы" Занының 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН:

      1. Тасқала селосында "Тасқала аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.

      2. "Тасқала орталық аудандық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Селолық округ әкімдері шақыру учаскесіне тіркеуге шақырылған азаматтарды мерзімінде жеткізсін және қажетті құжаттармен қамтамасыз етсін.

      4. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Тасқала селосында тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2009 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Н. Мусинге жүктелсін.

      Аудан әкімі Ө.Мырзағалиев

      КЕЛІСІЛДІ:
"Тасқала аудандық орталық
емхана" МКҚК
___________________Т. Қалібеков

      "Тасқала аудандық қорғаныс
істер жөніндегі бөлімі" ММ
___________________Ә. Жұбанышқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады