Экономикалық дағдарыс жағдайында дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету және дәрілік заттардың бағаларының өсуін тежеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары бастапқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында дәріхана ұйымдарын ашу жолымен тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етсін және құрылған дәріхана ұйымдары арқылы дәрілік заттарды бөлу тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттар өнімін берушілермен шарт жасассын.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті (С.А. Баймұқанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (А.Б. Молдағасымова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев