"Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 13 ақпандағы N 41-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 18 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5597 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 580 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2015 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3092 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2004 жылғы 2 қазандағы N 40 (197) нөмірінде жарияланған, "Магистральдық темір жол желісінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту және алып тастау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы міндетін атқарушысының 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрығына нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3520 нөмірімен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 16 сәуірдегі N 16 (225) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспедегі "Табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коффициенттерін бекіту ережесінде:
      1-тармақтағы "табиғи монополиялар" деген сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке және заңды тұлға;";
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкілетті орган- табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне анықталған тауарды беру түрінде қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар).";
      "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың екінші абзацында:
      "көрсетілетін қызметтер көлемін арттыру" деген сөздер алып тасталсын;
      "түсетін", "операторы", "тұтынушыға" деген сөздер тиісінше "түсумен", "оператормен", "тұтынушымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) жүк жөнелтуші (тұтынушы) жұмыс орындарын сақтаған кезде дағдарыс жағдайларында жүк айналымы көлемінің төмендеуі (сақталуы).";
      22-тармақтағы "магистралдық темір жол желісінің қызметтерін тұтынудың мәлімделген көлемдерін" деген сөздер "Ереженің 7-тармағында көзделген қағидаттарын," деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-қосымшаның 5) тармақшасындағы "түсіндірме жазба" деген сөздерден кейін ", еңбек бойынша есеп" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                 Н. Алдабергенов

       Келісілген:
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      ______________С. Ахметов
      2009 жылғы 13 ақпан

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _____________Б. Жәмішев
      2009 жылғы 16 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады