"Жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетуді, қайта жаңартуды және жаңғыртуды жүзеге асыратын объектілерді пайдалануға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 2 наурыздағы N 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5606 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық–эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына, 17-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетуді, қайта жаңартуды және жаңғыртуды жүзеге асыратын объектілерді пайдалануға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Молдағасымова А.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Министрдің
      міндетін атқарушы                       Е. Біртанов

       "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация
      министрі
      ______________Ә. Құсайынов
      2009 жылғы 13 наурыз

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің 
міндетін атқарушының    
2009 жылғы 2 наурыздағы   
N 113 бұйрығымен бекiтiлген 

"Жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетуді, қайта жаңартуды және жаңғыртуды жүзеге асыратын объектілерді пайдалануға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары

1. Жалпы бөлім

      1. "Жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетуді, қайта жаңартуды және жаңғыртуды жүзеге асыратын объектілерді пайдалануға және күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетуді, қайта жаңартуды және жаңғыртуды жүзеге асыратын стационарлық объектілерге (бұдан әрі – объектілер) таратылады және объектілерді жобалауға, қайта жаңартуға және пайдалануға, құрастыру және айналым пункттерінде техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу жүргізу кезінде жолаушылар вагондарына, технологиялық құрылыстарға және өндірістік жабдыққа, бояу жұмыстарын жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан тұрады.
      2. Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ТҚК) – техникалық қызмет көрсету пункттерінде, құрастыру және айналым пункттеріндегі жолаушылардың техникалық станцияларында, поездардың жол қатынасындағы станцияларында, жолаушылар вагондары тоқтап тұрғанда техникалық қызмет көрсету кезінде белгіленген тәртіппен қарау, тіркемеден ажыратпай ағымдық жөндеу және жабдықтау;
      2) жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жабдықтау пункті (бұдан әрі – ТҚКП) – жолаушылар вагондарының жарамдылығына бақылау жасауды, ағымдық жөндеуді қамтамасыз ететін темір жол көлігінің бөлімшесі және жолаушылар поездарының құрастыру және айналым станцияларында, сондай-ақ кестеде вагондарға техникалық қызмет көрсету, сумен және отынмен жабдықтау, ылғалды жинау жүргізу үшін арнайы станциялар қарастырылған жол бойындағы ірі станцияларда жылжымалы құрамды қарауға, тіркемеден ажыратпай ағымдық жөндеуге және тасымалдау мен жабдықтауға дайындауға арналған;
      3) жолаушылар техникалық станциясы – жолаушылар құрамын сапарға кешенді дайындауға (жылжымалы құрамның техникалық жағдайын бақылауға, жууға, ағымдық жөндеуге, жабдықтауға және санитарлық өңдеуге) арналған темір жол көлігінің бөлімшесі. Ірі жолаушылар техникалық станциялары жөндеу-жабдықтау жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру үшін құралдармен жабдықталған жөндеу-жабдықтау паркімен (бұдан әрі – ЖЖП) жабдықталады;
      4) техникалық қызмет көрсету - 1 (бұдан әрі – ТҚК-1) – ТҚКП-да сапарға жөнелту алдында, сондай-ақ жол бойында поездарда жолаушылар вагондарының жабдықтарын қарау, тіркемеден ажыратпай жөндеу және дайындау;
      5) техникалық қызмет көрсету - 2 (бұдан әрі – ТҚК-2) – жазғы және қысқы тасымал басталар алдында сәуір – мамыр және қыркүйек – қазан айларында ЖЖП-де жолаушылар вагондарын кешенді дайындау;
      6) техникалық қызмет көрсету - 3 (бұдан әрі – ТҚК-3) – жолаушылар поездарын құрастыру пункттерінде поезд құрамынан жолаушылар вагондарын ажырату арқылы тұрғызудан, жоспарлы жөндеуден немесе алдыңғы тексерістен соң алты айдан кейін жолаушылар вагондарының негізгі тораптарын бірыңғай техникалық тексеру;
      7) жол бойында немесе жолаушылар поездарының құрастыру және айналым пункттерінде поезд құрамынан ажырату арқылы жолаушылар вагондарын ағымдық жөндеу (бұдан әрі – АЖ) – жылжымалы құрамның жұмыс істеу мүмкіндігін реттелген қалыпқа келтіру және пайдалану процесінде пайда болған немесе техникалық қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктер мен жарамсыздықтарды жою.
      3. Цехтарда және объектінің өндірістік үй-жайларында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3358 болып тіркелген "Халыққа кезек күттірмес медициналық жәрдем көрсетуге арналған бастапқы жәрдем қобдишасының құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 876 бұйрығының талаптарына сәйкес дәрі-дәрмек жиыны бар дәрі қобдишасы болуы тиіс.
      4. Жұмыс істеушілер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2780 болып тіркелген "Алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі мен Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерді міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 243 бұйрығына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4292 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында темір жол көлігіндегі поездар қозғалысымен тікелей байланысты жұмыскерлерді медициналық қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 17 мамырдағы N 220 бұйрығына сәйкес міндетті алдын ала және ағымдық медициналық қараулардан өтеді.

2. Жолаушылар вагондарының ТҚК және АЖ объектілерін жобалауға, қайта жаңартуға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      5. Объектілерді жобалау, қайта жаңарту және пайдалану Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3792 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 334 бұйрығымен (бұдан әрі - N 334) бекітілген "Өндірістік объектілерді жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережесінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      6. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз ету, арнайы киімдерді (бұдан әрі – арнайы киім), жеке қорғаныш құралдарын беру, сақтау және пайдалану N 334 бұйрықтың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      7. Техникалық қызмет көрсету пункті және жолаушылар техникалық станциясы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3812 болып тіркелген "Темір жол көлігі бойынша санитарлық ереже мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 шілдедегі N 358 бұйрығымен (бұдан әрі - N 358) бекітілген "Техникалық қызмет көрсету пункттерін пайдалануға және күтіп-ұстауға, жолаушылар вагондарын жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларына және N 334 бұйрыққа сай болады.
      8. Жолаушылар паркіне енетін вагондарда оларды пайдалану бағытына сай Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2840 болып тіркелген "Көлік құралдарына санитарлық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 349 бұйрығына сәйкес санитарлық паспорттары болады.
      9. ТҚК және АЖ объектілерінің аумағы селитебті және рекреациялық аймаққа қатысты жел соғатын бетте орналасады, N 334 бұйрыққа сәйкес санитарлық-қорғау аймағы көркейген, көгалданған болады.
      10. Аумақтағы автомобиль жолдарының, жаяу жолдардың және жаяу өту жолдарының беті қатты болуы тиіс.
      11. ТҚКП-де және ЖЖП-де фельдшерлік денсаулық сақтау пунктіне арналған үй-жай көзделеді. Фельдшерлік денсаулық сақтау пункті үй-жайларының құрамы және ауданы N 334 бұйрыққа сай болады.
      12. Мұнай өнімдерінің қалдықтарын, балласты, сүрту материалдарын және өндірістің басқа да қалдықтарын (бұдан әрі - қалдық) жинау және уақытша сақтау үшін металл сыйымдылық орнатылады. Аумақта қалдық салынған сыйымдылықты уақытша сақтауға арналған алаңқай бөлінеді. Алаңқай қоршалуы және беті қатты болуы тиіс.   Объектінің аумағында қалдықтарды өртеуге тыйым салынады.
      13. Қалдықтар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3629 болып тіркелген "Елді-мекен аумағын күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 мамырдағы N 137 бұйрығының (бұдан әрі - N 137) талаптарына сәйкес шығарылады.
      14. Тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін бетондалған алаңқайда металл контейнерлер орнатылады. Контейнерден алаңқай жиегіне дейінгі қашықтық 1 метрден (бұдан әрі – м) кем болмауы тиіс. Қоқыс жинауға арналған алаңқай үш жақтан қоршалады.
      15. Контейнерлер өндірістік және қосалқы үй-жайлардан 25 м–ден жақын емес қашықтықта орналасады. Қалдықтарды контейнерлерде сақтау мерзімі жылдың салқын мезгілінде (температура – 0 және одан төмен кезде) үш тәуліктен аспауы, жылы мезгілде (плюс температура кезінде) бір тәуліктен аспауы тиіс.

3. Сумен жабдықтауға және кәрізге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      16. Шаруашылық-тұрмыстық және ауыз су қажеттілігі үшін пайдаланылатын су Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2999 болып тіркелген "Шаруашылық ауыз сумен жабдықтау және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы N 506 бұйрығының (бұдан әрі – N 506 бұйрық) және N 334 бұйрық талаптарына сай болады.
      17. Ішкі су құбыры және кәріз құрылғысы, сондай-ақ сыртқы сумен жабдықтау және кәріз жүйелері ТҚКП-ның, ЖЖП-ның барлық өндірістік және қосалқы ғимараттарында көзделеді.
      18. ТҚК және АЖ объектілерін шаруашылық-ауыз су және өндірістік сумен жабдықтау жүйелері бөлек болуы тиіс. Шаруашылық–ауыз сумен техникалық су құбырын қосуға тыйым салынады.
      19. Сумен жабдықтаудың құбыр жүйесі ажырату түсімен боялады. Су тарату нүктелерінде "ауыз су", "техникалық су" деген жазулар болуы тиіс. Өндірістік үй-жайлар N 506 бұйрық талаптарына сәйкес ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
      20. Кәріздік тазалау құрылыстары (құрамы мұнай өнімдерінен, сүзілген заттардан, жуу ерітінділерінен, ауыр металдың тұзынан тұратын) жауын суының кәрізі арқылы ТҚК және АЖ объектілерінің ластанған аумағынан өндірістік және жер бетіндегі ағынды суды қабылдауға есептеледі. Тұрмыстық ағынды су қалалық немесе станциялық кәрізге жіберіледі.
      21. Бөлшектер мен тораптарды жуу кезіндегі жуынды сулар жиналады және зарарсызданады.
      22. Локальды тазалау құрылыстарының кешені ағынды өндірістік суларды тазалауды қамтамасыз етеді. Өндірістік ағынды суларды кәрізге жіберу N 506 бұйрықпен бекітілген "Жер беті суларын ластанудан қорғау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына" сәйкес жүзеге асырылады.

4. Жылуға, желдеткішке қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      23. Жылу жүйесі жарамды болуы және үй-жай ауасын жылытуды реттеу механизмі болуы тиіс. Жылыту құралдары тазалау және жөндеу үшін қолайлы болуы тиіс.
      24. Тұрақты жұмыс орны бар өндірістік үй-жайлардағы жылыту құралдары жұмыс істеушілерді ауаның салқын лебінен қорғау үшін жарық жақтауларының астына орналасады.
      25. Қақпа, кіру есіктері және терезелер жылдың салқын мезгілінде жылылап бекітілуі тиіс. Қақпа ауа жылу шымылдығын іске қосқышпен бекітілген болуы тиіс.
      26. Барлық үй-жайлар табиғи жалпы айналым желдеткішімен қамтамасыз етіледі. Терезелер герметикалы жабылатын фрамугтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
      27. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың құрамы, өндірістік үй-жайлардың микроклиматы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3789 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының "Өндірістік үй-жайлардың ауасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы 2005 жылғы 14 шілдедегі N 355 бұйрығының талаптарына сай болады.
      28. ТҚК және АЖ объектілері ғимараттарының цехтарында жылыту құралымен блоктанған ауа температурасын өлшегіш орнатылады.
      29. ТҚК және АЖ цехтарында механикалық желдеткіш қарастырылады.
      30. Жылуды көп бөлетін ғимараттардың төбесі жел соқпайтын шахтамен, аэроционды шамдармен, қашықтан басқарылатын механикаландырылған фрамугтермен жабдықталады. Табиғи желдету кезінде желдетілетін үй-жайға ауаны сырттан беру жылдың жылы мезгілінде кемінде 1,8 м, ал жылдың салқын мезгілінде - еденнен желдету жақтауларының төменіне дейін 4 м төмен емес деңгейді қарастырады.
      31. Жергілікті сору жүйесі қосылыстары жарылғыш қауіпті қоспа немесе неғұрлым қауіпті және зиянды зат түзуі мүмкін технологиялық жабдықтардан бөлек болуы тиіс.
      32. Жергілікті сору желдеткішінің құрылғысы және жүйесі ауаны ластан тазалауға арналған қондырғымен жабдықталады.
      33. Желдеткіш құралдары және жүйелері бір цехтан екіншісіне зиянды заттардың ену мүмкіндігін болдырмайды. Кіретін ауа аз ластанған аймаққа көп ластанған аймақ арқылы жіберілмейтіндей және жергілікті сору жұмысын бұзбайтындай бағытталады.
      34. Жергілікті соруды орнату мүмкін емес зиянды заттар көзі бар тұрақты жұмыс орындарына ауа сырттан беріледі.
      35. Ауа беру жұмысшы өту жолында немесе соруға қарсы жақтағы учаскеде жүргізіледі. Берілетін ауа жұмыс аймағы арқылы өтеді және қарсы жақпен шығарылады.

5. Табиғи және жасанды жарыққа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      36. Өндірістік, қосалқы, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың және объектілер аумағының табиғи және жасанды жарығы N 334 бұйрық талаптарына сай болады.
      37. Адамдар тұрақты болатын барлық өндірістік үй-жайларда табиғи және жасанды жарық болады.
      38. Өндірістік үй-жайлардағы жасанды жарық аралас болуы тиіс және шамның разрядты көзі бар шамшырақтармен қамтамасыз етіледі. Қызу шамдары апаттық жарықтандыруда пайдаланылады.
      39. Жұмыс жүргізілмейтін өндірістік үй-жайлардың өту жолдарын және учаскелерін жарықтандыру жалпы жарықтың шамшырағынан болатын нормаланатын жарықтың 25 пайызынан артық еместі құрайды, бірақ разрядты шамдардың 75 люксінен (бұдан әрі – лк) кем емес және қызу шамдарынан 30 лк кем емес болады.
      40. Шамшырақтар және жарық жақтауларының әйнегі ластануына байланысты және айына кемінде бір рет тазартылады.
      41. Істен шыққан шамшырақтар, сынған және бүлінген қорғаныш арматурасы уақтылы ауыстырылуы тиіс. Сынап толы пайдаланылған шамдар есепке алынуға жатады және одан әрі сынаптан айыру үшін бөлек үй-жайда сақталады.
      42. Еденнен 1,2-1,5 м деңгейдегі вагонасты кеңістігін жергілікті жарықтандыру үшін люминесцентті шамшырақтар жабдықталуы тиіс. Жұмыс орнын жергілікті жарықтандыру үшін жұмыс істеушілерге тіке және шағылысқан сәуленің зиянды әсерін болдырмайтын шамшырақтар пайдаланылуы тиіс.
      43. Теміржол жолының, алаңқайдың, жолдардың неғұрлым көп жарық қатынасы оның 15:1 неғұрлым аз мәнінен аспауы тиіс.

6. Құрастыру және айналым пункттерінде ТҚК және АЖ жүргізу кезінде жолаушылар вагондарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      44. ТҚК-ге және АЖ-ге қою және объектіге жөнелтілу алдында вагондар қоқыстан, көмірден және шлактан тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады, вагон-мейрамханасы плитасының сұйық отыны төгіледі.
      45. (Күзгі) ТҚК-2 жүргізу кезінде терезелерді және барлық есіктерді жылылап бекіту бойынша жұмыстар орындалады. Терезе әйнектері және жақтау арасындағы кеңістік жылылап бекіту алдында тазартылады. Жылу жүйесінің жарамсыздығы жойылады. Желдеткіш жүйесі қысқы режимге орнатылады.
      46. (Көктемгі) ТҚК-2 жүргізу кезінде терезенің ішінен және сыртынан жылылау материалдарын алып тастау және төмен түсірілетін терезелердің көтеру механизмін жөндеу арқылы тазартылады.
      47. Сумен жабдықтау жүйесі тазартылады, қысымы 0,20-0,25 Мегапаскаль (бұдан әрі – Мпа) болатын сумен жуылады және дезинфекцияланады. Желдеткіш жүйесі ауа қысымын өткізу арқылы жазғы режимге ауыстырылады. Желдеткіш сүзгілері тазартылуы және маймен шайылуы тиіс.
      48. Темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының өкілі ТҚК-2-ден өткен вагондарды қабылдау жөніндегі комиссияға қатысады.
      49. Құрастыру пункттерінде арнайы бөлінген жолдарда немесе ЖЖП-нде жүзеге асырылатын ТҚК-3 – жолаушылар вагондарын бірыңғай техникалық тексеру орындалады. Жолаушылар вагондарында ТҚК-3-ті кешенді бригадалар орындайды.
      Тексеріске жолаушылар вагондарының барлық сыртқы бөліктері және ішкі жабдықтары жатады. Темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының өкілі ТҚК-3-тен өткен вагондарды қабылдау жөніндегі комиссияға қатысады.
      50. Тіркеу (құрастыру) пункттерінде жолаушылар вагондарын тіркемеден ажырататын ағымдық жөндеу арнайы бөлінген жолдарда немесе қажетті жабдықтармен жабдықталған мамандандырылған жөндеу пунктінің жолдарында ұйымдастырылады.
      51. ТҚК және АЖ жүргізу кезінде вагон құрылымын өзгертуге рұқсат етілмейді. Кез-келген кластағы вагон құрылымы зауыт-дайындаушы көздеген жолаушыларға арналған үй-жайларды, тазалық сақтау тораптарын, дәліздерді, кіреберістерді, өту алаңқайларын, қызметтік бөлімшені, вагондардағы жолсеріктердің демалуына арналған купені және от жағу бөлімшесін қарастыруы тиіс.

7. Техникалық құрылыстарға және өндірістік жабдыққа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      52. Жолаушылар техникалық парктерінде мынадай жолдар (парктер) көзделеді: жөндеу-жабдықтау, құрамдардың тұрағы, отын қоймалары. Пошта, багаж және вагон-мейрамханалардың тұрақтары үшін арнайы жолдар бөлінеді.
      53. Жолаушылар құрамдарының сыртын жуу үшін вагон жуу машиналары жолаушылардың техникалық паркінің алдына орналасады.
      54. Вагон жуу машиналары кіру кезінде құрамдарды жылытатын және шығу кезінде кептіретін жабық үй-жайларда орналасады.
      55. Вагондарды жуу және олардың жинақтау бірліктері аңғарларға немесе арнайы ғимараттарға және жабық камераларға орналасатын арнайы вагон жуу қондырғыларымен және су ағатын жуу машинасымен жүргізіледі. Вагон жуу қондырғыларының және машиналарының гидравликалық жүйелерінде жуғыш ерітінділерді қалыпқа келтіретін құрылғы болуы және ағын суды бітеп (айналыммен) пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
      56. Жуғыш жабдықтармен жұмыс істеу және жуғыш ерітінділерді дайындау кезінде жұмыскерлер жеке қорғаныш құралдарын – көзілдірікті, резеңке етікті, қолғапты, алжапқышты қолдану арқылы жұмыс істейді.
      57. Кузовтың сыртқы бетін тот басатын заттардан, сондай-ақ ескі жабын қалдықтарынан тазалау үшін соққылау әдісі пайдаланылады.
      58. Қос доңғалақтарды жуу кезінде жұмыскерлер алжапқыш, қолғап, қорғаныш көзілдірік пайдалануы тиіс.
      59. Соққылау аппаратымен жұмыс істеу кезінде жұмыскерлер қорғаныш каскаларын, брезент қолғаптарды және жарақаттануды болдырмайтын құрал-саймандарды қолдану арқылы жұмыс істеуі тиіс.
      60. Арбаларды және қос доңғалақтарды жөндеу учаскесінде мыналар көзделеді:
      1) өндірістік еңбек сыйымдылық процестерінің механизациясы арқылы толассыз-конвейерлі жөндеу;
      2) баббит құятын учаскелер сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады, жұмыс аймағы ауасындағы қорғасынның концентрациясы 1,01 мг/м 3 аспауы тиіс;
      3) электрлі балқыту пештерінде мойынтіректерді құю үшін жабық камера болуы және төменгі ағысы болуы тиіс. Баббит құю бөлімшелерінің үй-жайларындағы едендер бетондалған болуы немесе беті кедір-бұдырланған шойыннан жасалуы тиіс.
      4) құйылған мойынтіректерді қашауға арналған станоктар ұсақ қорғасын жоңқаларын және қорғасын шаңдарын шығаруға арналған бүйірлі сорғыштармен жабдықталады. Жұмыс істейтін адамдар мойынтіректерді құйып және қашағаннан кейін қолдарын сірке қышқылының 1 % ерітіндісімен немесе кальций содасының 1 % ерітіндісімен және сульфатталған сабынмен жылы сумен жууға тиіс.
      61. Полимерлі жабын бөлімшесінде ванна жабынының, майсыздандырудың, көшірмені болдырмаудың, шаңдату қондырғысының, араластырғыш барабандар үстінің, ұнтақтарды балқыту пештерінің жергілікті сору құрылғысы бар сыртқа тарату желдеткіші болуы тиіс.
      62. Тегістеу және жылтырату станоктарындағы, желдеткіш, жылу жүйелерін жөндеу кезіндегі жұмыстар газтұтқыш немесе респираторлармен орындалады.
      63. Гальваникалық бөлімшеде ванна жабынының, майсыздандырудың, көшірмені болдырмаудың, шаңдату қондырғысының, араластырғыш барабандар үстінің, ұнтақтарды балқыту пештерінің жергілікті сору құрылғысы бар сыртқа тарату желдеткіші болуы тиіс.
      64. Ақаутапқымен жұмыс істеу кезінде қызметкер резеңке кілемшелерді, тұтқасы оқшауланған құрал-саймандарды пайдалану арқылы электр өткізбейтін резеңке қолғаптармен, галоштармен жұмыс істеуі тиіс.

8. Бояу жұмыстарын жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      65. Бояу жұмыстары бояу (бояу) цехтарында, учаскелерінде, бөлімшелерінде, арнайы қондырғыларда, камераларда немесе ықтиярсыз (жергілікті және жалпы сыртқа тарату) желдеткіштермен жабдықталған алаңқайларда орындалады.
      66. Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттар құрамының деңгейі "Гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 841 бұйрық талаптарына сай болуы тиіс.
      67. Қолданылатын лак бояу материалдарына санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болуы және сәйкестік (қауіпсіздік) сертификаты болуы тиіс.
      68. Жолаушылар вагондарының ішіндегі бояу жұмыстары вагон желдеткіші қосылып тұрған кезде және жергілікті сору қондырғысын пайдалану арқылы орындалады. Бояу бөлімшесінің өндірістік үй-жайларында берік және жарылыстан қауіпсіз арматурада электрлі жарық шамдары пайдаланылады. Вагон ішінде кернеулігі 12 вольт болатын шамшырақтар қолданылады.
      69. Лак бояу материалы бар әрбір сыйымдылық ыдыста заттаңба немесе оның атауы бар биркасы болуы тиіс.
      70. Лак бояу материалдарының жұмыс қоспасын дайындау жергілікті сору желдеткішімен жабдықталған бояу дайындау бөлімшесінде орталықтанып жүргізіледі. Материалдарды сақтау жалпы айналым желдеткішімен жабдықталған қоймаларда жүзеге асырылады.
      71. Бүріккішпен жұмыс істеу кезінде жұмыскерлер қорғаныш көзілдірікті және әмбебап респираторды, зиянды заттардың жоғары концентрациясы кезінде – жеке қорғаныш құралдарын пайдалануы тиіс.
      72. Электрлі өрісте бояуға арналған қондырғылар мен камералар желіден ажыратқан соң бүріккіштің және жоғары вольтты жабдықтың қалдық кернеулігін түсіру үшін автоматты разрядтаушпен жабдықталады. Электрлі жабдық орналасқан бөлек орынның есіктері осы есіктерді ашу кезінде жоғары кернеулікті автоматты ажыратудың жоғары вольтты құрылғысымен бекітілуі тиіс.
      73. Кептіру камералары және қондырғылар сору желдеткішінің құрылғысымен жабдықталады.
      74. Бояу цехтары (бөлімшелері) басқа өндірістік үй-жайлардан биіктігі 5 м-ден кем емес брандмауэрмен (өртке қарсы жанбайтын қабырғалармен) оқшауланады. Бояу цехтарын цокольды және жертөле үй-жайларында (бөлімшелерін) орналастыруға тыйым салынады.
      75. Едендер тор тәрізді ағаш қалқамен жабдықталады немесе резеңке кілемшелер төселеді.
      76. Электрлі өрісте полимерлік жабынды жағу үшін қол қондырғыларымен жұмыс істеу кезінде статикалық синтетикалық  материалдардан, жібектен тігілген киімді киюге тыйым салынады. Статикалық электрдің аккумуляция зарядын болдырмау мақсатында резеңкеден жасалған қажеттіліктер: қолғап, кілемше, аяқ киімдер пайдаланылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады