Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша ақпарат беру нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 21 мамырдағы N 132 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 27 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5683 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 21 мамырдағы N 81 Бұйрығымен.

      Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010.05.21 N 81 Бұйрығымен.

      "Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 733 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ұйымдармен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша ақпарат берудің мына нысандары бекітілсін:
      1) 1-нысан "Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту бойынша ақпарат";
      2) 2-нысан "Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту бойынша ақпарат";
      3) 3-нысан "Келесі жылға жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпарат";
      1-нысан облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен;
      2-нысан ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларымен, (жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда) толтырылады;
      3-нысан:
      1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен;
      2) ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларымен (жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда) толтырылады.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне қазақстандық қамту бойынша ақпаратты қағаз және электрондық тасымалдағыштарда:
      1) 1-нысан бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары - Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбе бойынша қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын ұйымдар;
      2) 2-нысан бойынша ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, олардың еншілес және аффилиирленген компаниялары (жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда) (ақпараттық жүйе және (немесе) электрондық тасымалдағыштар көмегімен тауарлар, жұмыстар және қызметтердің қазақстандық қамтылуы бойынша кеңейтілген ақпаратты);
       3-нысан бойынша:
      облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары - Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбе бойынша қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын ұйымдар;
      ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, олардың еншілес және аффилиирленген компаниялары (жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда) береді.
      1 және 2-нысандар бойынша - ақпарат ай сайынғы есептік кезеңнен кейінгі айдың 25 күніне дейін жіберіледі;
      3-нысан бойынша - сатып алу жоспарланған жылдың 20 қаңтарына дейін сатып алу жоспарына өзгерістер енгізген жағдайда өзгерістер енгізген күнінен бастап 10 күн ішінде.
      3. Қазақстандық қамтуды анықтау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың қазақстандық қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесі бойынша жүзеге асырылады.
      4. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, олардың еншілес және аффилиирленген компаниялары (жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда), ақпаратты тоқсан сайын веб-порталдарда орналастырсын.
      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық-инновациялық даму департаменті (И.В. Цой) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және сауда вице-министрі А.О. Қосыновқа жүктелсін.
      7. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       В. Школьник

Қазақстан Республикасы     
Индустрия және сауда       
министрінің                
2009 жылғы 21 мамырдағы    
N 132 бұйрығымен бекітілген

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша ақпарат

Есептікке жауапты ұйымның атауы ____________________________  1 Нысан

ұйымның атауы

тауарлар, жұмыстар және қызметтердің атауы

жеткізуші ұйымның атауы

мәртебе

тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу көлемі соның ішінде

отандық тауар өндіруші

отандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жабдықтаушы

тауарларды сатып алу көлемі мың. теңге

соның ішінде

отандық тауар өндірушілер-ден сатып алынған тауарлардың бағалары, мың теңге

қазақстандық қамту %

1

2

3

4

5

6

7

8


Тауарлар
















Жиыны:








Жұмыстар
















Жиыны:








Қызметтер
















Жиыны:








Жиыны: тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша есептік кезең ішінде қазақстандық қамтуды есептеу

кестенің жалғасы

таурларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу көлемі соның ішінде

жұмыстарды сатып- алу көлемі, мың теңге

соның ішінде

қызметтерді сатып алу көлемі, мың теңге

соның ішінде

отандық тауар өндірушілерден және отандық өнім берушілерден жұмыстар және тауарлардан алынған жұмыстың бағасы, мың теңге

қазақстандық қамту %

отандық тауар өндірушілерден және отандық өнім берушілерден қызмет көрсету және тауарлардан алынған қызмет көрсетудің бағасы, мың теңге

қазақстандық қамту %

9

10

11

12

13

14























































Жетекші   ________________________________________ ___________
                           Т.А.Ә.                     (қолы)
"____"___________________
    толтырылған күні

Орындаушы ____________________________ ___________ ___________
                    Т.А.Ә.                (қолы)    (телефон)

Қазақстан Республикасы  
Индустрия және сауда    
министрінің             
2009 жылғы 21 мамырдағы 
N 132 бұйрығымен        
бекітілген              

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша ақпарат

Есептікке жауапты ұйымның атауы ___________________________  2 Нысан

N

ұйымның атауы

сатып алудың жалпы көлемі мың теңге

қазақстандық қамту %

тауарларды жұмыстарды және қызметтерді сатып алу көлемі соның ішінде

тауарларды сатып көлемі мың теңге

соның ішінде

отандық тауар өндірушілерден сатып алынған тауарлардың бағалары, мың теңге

қазақстандық қамту %


1

2

3

4

5

6









Барлығы:






кестенің жалғасы

N

тауарларды жұмыстарды және қызметтерді сатып алу көлемі соның ішінде

жұмыстарды сатып алу көлемі, мың теңге

соның ішінде

қызметтерді сатып алу көлемі, мың теңге

соның ішінде

отандық тауар өндірушілерден және отандық өнім берушілерден жұмыстар және тауарлардан алынған жұмыстың бағасы, мың теңге

қазақстандық қамту %

отандық тауар өндірушілерден және отандық өнім берушілерден қызмет көрсету және тауарлардан алынған қызмет көрсетудің бағасы, мың теңге

қазақстандық қамту %


7

8

9

10

11

12















Жетекші   ________________________________________ ___________
                           Т.А.Ә.                     (қолы)
"____"___________________
    толтырылған күні

Орындаушы ____________________________ ___________ ___________
                    Т.А.Ә.                (қолы)    (телефон)

Қазақстан Республикасы   
Индустрия және сауда     
министрінің              
2009 жылғы 21 мамырдағы  
N 132 бұйрығымен         
бекітілген               

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға алдағы жылға жоспарланып отырған ақпарат

Есептікке жауапты ұйымның атауы _____________________________ 3 Нысан

N

ұйымның атауы

тауарлар, жұмыстар және қызметтердің сатып алу жоспары

соның ішінде

тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудығы қазақстандық қамтудың % болжауы

тауарларды сатып алу көлемі мың теңге

қазақстандық қамтудың % болжауы

жұмыстарды сатып алу көлемі мың теңге

Қазақстандық қамтудың % болжауы

қызметтерді сатып алу көлемі мың теңге

Қазақстандық қамтудың % болжауы


1

2

3

4

5

6

7

8

9












Барлығы:









Жетекші   ________________________________________ ___________
                           Т.А.Ә.                     (қолы)
"____"___________________
    толтырылған күні

Орындаушы ____________________________ ___________ ___________
                    Т.А.Ә.                (қолы)    (телефон)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады