Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 144-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 19 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5752 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 14.02.2013 № 16-ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).  

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша кeйбip заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын icкe асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгертулер енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы "Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы" N 94-ө бұйрығында (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 4615 болып тіркелген, 2007 жылғы 25 мамырда "Заң газетінде" N 78 (1107) жарияланған):
      аталған бұйрықтың 1-қосымшасында:
      мына "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (аумақтық бөлімшенің атауы)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретін органның атауы";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келісілген рұқсаттың қолданылу кезеңінде өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау.";
      осы бұйрықтың 4-қосымшасында:
      3-тармақтағы "рұқсат беретін органмен" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8, 9, 10-тармақтар алынып тасталсын;
      2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 16 сәуірдегі "Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесін бекіту туралы" N 112-ө бұйрығында (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 4656 болып тіркелген, 2007 жылғы 1 маусымда "Заң газетінде" N 82 (1111) жарияланған):
      аталған бұйрықпен бекітілген Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар (бұдан әpi - рұқсаттар) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген тәртіпте қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, оның аумақтық бөлімшелерімен және облыстың (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әpi - рұқсат беретін орган) беріледі";
      3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 24 сәуірдегі "Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеген қойылатын талаптарды ұйғару ережелерін бекіту туралы" N 123-ө  бұйрығында (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 4714 болып тіркелген, 2007 жылғы 1 тамызда "Заң газетінде" N 116 (1145) жарияланған):
      аталған бұйрықпен бекітілген Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды келісу ережесінде:
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу үшін I санат объектілері бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне, ал II және III санат объектілері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық бөлімшелерге жүгінеді.
      4. Табиғатты пайдаланушымен әзірленген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен қоршаған ортаға эмиссиялауға рұқсат алуға өтінім материалдарын қарау рәсімі шеңберінде келісіледі.
      II, III санат объектілері бойынша өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын келісу үшін жергілікті атқарушы органдар өтінім материалдары ұсынылғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын келісуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық бөлімшелерге жолдайды. Бұл ретте өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық бөлімшелермен қаралу мерзімі оның келіп түскеннен бастап он бес күнтізбелік күннен артық емес";
      8-тармақта мына "уәкілетті органдарға" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау министрі                 Н. Әшімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады