Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 наурызда № 8376 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 356 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2018 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.12.2016 № 556 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.12.2016 № 556 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Бұйрыққа қоса тіркелген өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.12.2016 № 556 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Қаппаров


  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 14 ақпандағы
№ 16-Ө бұйрығымен
бекітілген

Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар

      1. Осы Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар (бұдан әрі- Талаптар) табиғи ресурстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша жасалатын есеп ереженің қосымшасында көрсетілген нысанда ұсынылады.

      3. Өндірістік экологиялық бақылау есептемесінде табиғат пайдаланушымен еркін түрде жасалған жұмыстарды орындау туралы түсініктеме хат қоса тіркелу керек.

      4. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау туралы есептілік және оған түсіндірме жазба осы Талаптардың 5 және 6 тармақтарында көрсетілген кестеге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға тапсырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Кезеңдік есептеме тапсыру кестесі:

      атмосфераға шығарылған шығарындар мониторингісі бойынша есеп беру, есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде тапсырылады;

      суға төгілген төгінділер мониторингісі бойынша есеп беру, есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде тоқсан сайын тапсырылады;

      қалдықтар мониторингі бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;

      жердің ластану деңгейінің мониторингі бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;

      радиациялық мониторинг бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;

      санитарлық-қорғау аймағының шеңберінде әсер ету мониторингі (атмосфералық ауа, су ресурстары, топырақ жамылғысы) бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;

      Қалдықтарды орналастыру полигондарындағы газ мониторингісі бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады.

      6. Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті шеңберінде кезеңділік есептердің ұсынудың тізбесі:

      1) операциялық экологиялық мониторинг бойынша тоқсандық және жылдық есептерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде;

      2) эмиссиялар мониторингі бойынша тоқсандық және жылдық есептерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезең аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде;

      3) әсер ету мониторингі бойынша жылдық есептерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезең аяқталғаннан кейін 2 ай ішінде ұсынады.

  Өндірістік экологиялық бақылау
нәтижелері бойынша есептемеге
қойылатын талаптарға
қосымша

Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есеп нысаны

      Ескерту. Қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1 кесте

1. Жалпы мәлімет


р/н

Өндірістік нысанның атауы (орналасқан жері)

Өндірістік үдерістің қысқаша сипаттамасы

Өндірістік экологиялық бақылау жиілігі

1

2

3

4






      2 кесте

2. Зертхана туралы мәлімет


р/н

Аккредиттелген сынақ зертханасының атауы

Аккредиттелген сынақ зертханасы аттестатының нөмірі және мерзімі

Аккредиттелген сынақ зертханасының ауданы

1

2

3

4






      3 кесте

3. Эмиссия мониторингі
3.1. Атмосфералық ауа

Шығарынды көзінің атауы (шығарынды көзінің нөмірі)

Ластаушы заттардың атауы

Бекітілген мөлшер (г/с; т/жыл), грамм/секунд, тонна/жыл

Мониторингтің шынайы нәтижесі (г/сек; т/кв.; т/жыл) грамм/секунд, тонна/квартал, тонна/жыл

Мөлшерден асуы немесе сақталуы (ШЖБШ) Шектеуден жоғары шаманың шығарындысы

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6

3.2. Су ресурстары

Әсер ету көздерінің атауы (бақылау нүктелері)

Ластаушы заттардың атауы

Бекітілген мөлшер миллиграмм/дициметр кубы, тонна/жыл

Мониторингтің шынайы нәтижесі миллиграмм/дициметр кубы, тонна/квартал, тонна/жыл

Мөлшерден асуы немесе сақталуы шектеуден жоғары шаманың тастандысы

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6

3.3. Өндіріс және тұтыну қалдықтары

Қалдықтарды сақтау және көму орнының атауы (орналасқан жері)

Қалдықтардың түрлері

Қауіптілік деңгейі

Эмиссия мөлшері тонна/квартал, тонна/жыл

Шынайы тонна/квартал, тонна/жыл

Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6

3.4. Жердің ластану деңгейінің мониторингі

Әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері)

Ластаушы заттардың атауы

Бекітілген мөлшер миллиграмм/килограмм

Мониторингтің шынайы нәтижесі миллиграмм/килограмм

Мөлшерден асуы немесе сақталуы шектеуден жоғары шаманың көрсеткіші

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6

3.5. Радиациялық мониторинг

Әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері)

Бекітілген мөлшер

Мониторингтің шынайы нәтижесі

Мөлшерден асуы немесе сақталуы (НРБ 99)

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5


      4 кесте

4. Санитарлық-қорғау аймағы шеңберінде әсер ету мониторингі
4.1. Атмосфералық ауа

Сынамалар алынатын нүкте

Ластаушы заттардың атауы

Шынайы концентрация

Шектеуден жоғары шаманың көрсеткіш мөлшері, миллиграмм/метркуб

Шектеуден жоғары шаманың көрсеткіш жоғарылауы қысқаша

Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныс

1

2

3

4

5

6

4.2. Су ресурстары

Сынамалар алынатын нүкте

Ластаушы заттардың атауы

Шынайы концентрация

Шектеуден жоғары шаманың көрсеткіш мөлшері, миллиграмм/литр

Шектеуден жоғары шаманың көрсеткіш мөлшері жоғарылауы қысқаша

Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныс

1

2

3

4

5

6

4.3. Топырақ жамылғысы

Сынамалар алынатын нүкте

Ластаушы заттардың атауы

Шынайы концентрация

Шектеуден жоғары шаманың көрсеткіш мөлшері, миллиграмм/килограмм

Шектеуден жоғары шаманың көрсеткіш мөлшері жоғарылауы қысқаша

Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныс

1

2

3

4

5

6


      Ескерту: * бақылаудың жоспар-кестесіне сәйкес;

      ** ағымдағы жылы мониторингтің шынайы көрсеткіштері жарты жылдық және жылдық болып толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 14 ақпандағы
№ 16-Ө бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 123-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4714 тіркелген, 2007 жылғы 1 тамыз № 116 (1145) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 144-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5752 тіркелген, 2009 жылғы 4 қыркүйек № 134 (1557) "Заң газеті" газетінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 123-ө "Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды келісу ережелерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 25 тамыздағы № 228-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6474 тіркелген, 2010 жылғы 1 қазандағы № 398-401 (26244) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады