"Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы N 113-І бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 427 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5893 болып енгізілді

      Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастырудың одан әрі жетілдірілуін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы N 113-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2809 нөмірмен тіркелген), "Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы N 113-І бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4524 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2007 жылғы 16 ақпандағы N 25 (1228) санында жарияланған), "Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы N 113-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 539 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5467 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2009 жылғы 19 ақпандағы N 26 (1449) санында жарияланған) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінде:
      157-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) автокөлік құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмесін;";
      157-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) толтырылған және қатысушының қолымен және мөрімен расталған, конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандардың санына тең мөлшердегі конкурстық ұсыныстарды.
      Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда біркелкі, түзетулерсіз және өшірулерсіз ресімделеді.";
      256-1 және 256-2-тармақтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 257-1-тармақпен толықтырылсын:
      "257-1. Жолаушылардың және багаждың қалааралық облысаралық тасымалдарын ұйымдастыру үшін Министрлік республикалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қалааралық облысаралық маршруттардың тізілімі бойынша деректерге сәйкес белгілі бір маршруттар мен олар бойынша қозғалыс кестелерін көрсете отырып, қалааралық облысаралық тасымалдарды ұйымдастыру туралы хабарландыру жариялайды.";
      258-тармақта:
      бірінші абзацтағы "осы облыстың мүдделі тасымалдаушылары жергілікті атқарушы органдарға" деген сөздер "тасымалдаушы Министрлікке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) әрбір бірлікке арналған техникалық паспорттардың және алдыңғы тоқсанда мемлекеттік техникалық тексеруден өткені туралы куәліктердің көшірмелері қоса берілген, маршрутта пайдалануға көзделетін жылжымалы құрам туралы мәліметтерді (автобустардың саны және үлгісі (класы) (көрсетілген автокөлік құралдары жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарының басқа маршруттарына тартылмағандығы туралы облыстың жергілікті атқарушы органдарының анықтамасын);";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) профилактикалық медициналық тексеруді жүзеге асыруға лицензиясы бар медицина қызметкерлерімен жасасқан шарттардың көшірмесін қоса бере отырып, "Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 203 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың қажетті кешенін жүргізу мүмкіндігін растайтын құжаттардың көшірмелерін;";
      258-1-тармақта:
      бірінші абзац алынып тасталсын;
      1) тармақша алынып тасталсын;
      екінші бөлік алынып тасталсын;
      258-2-тармақ алынып тасталсын;
      259-тармақтағы "жергілікті атқарушы органдар белгілеген тасымалдаушылар барлық тасымалдаушылар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарт жасасады" деген сөздер "барлық тасымалдаушылар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі қосымша ұсынылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      260-тармақтағы "Жергілікті атқарушы органдар белгілеген тасымалдаушыларға Министрлік 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей" деген сөздер "Тасымалдаушы ұсынған құжаттарды қарау нәтижесі оң болған жағдайда, Министрлік тасымалдаушыға 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
      263-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "263. Өтінімдерді қараудан бас тартқан жағдайда, Министрлік тасымалдаушы ұсынған құжаттарды қарау аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, тасымалдаушыны бұл туралы жазбаша хабардар етеді.";
      268-тармақ алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (Б.Е. Қазбеков) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Ә. Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ":
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ______ С.Н. Баймағанбетов
      2009 жылғы 03 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ":
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі
      __________ Ж.А. Досқалиев
      2009 жылғы 27 қазан

      "КЕЛІСІЛДІ":
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Б. Жәмішев
      2009 жылғы 19 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады