Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 398-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6003 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының м.а. 2013 жылғы 31 шілдедегі № 238-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының м.а. 31.07.2013 № 238-НҚ (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 7-т. қараңыз.

       "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері:
      1) есепке алу саясаттарына тиісті өзгерістер енгізсін және оларды Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне және (немесе) оның тиісті аумақтық органдарына келісуге екі ай ішінді ұсынсын;
      2) осы бұйрықпен бекітілген Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесіне қосымшаға сәйкес 2009 жыл үшін қызметтердің түрлері бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне және оның тиісті аумақтық органдарына екі ай ішінде ұсынсын.
      3) осы бұйрықпен бекітілген Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесіне қосымшаға сәйкес өткен жыл үшін реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай алғанда өзге қызмет бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне және (немесе) оның тиісті аумақтық органдарына жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей ұсынсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.24 N 279-нқ (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің есепке алу саясаттарының өзгерістерін келісуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің есепке алу саясаттарының өзгерістерін келісуді қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының, «Казвторчермет» акционерлік қоғамының, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының, «Батыс транзит XXI ғасыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Резерв» РМК назарына жеткізсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.
      7. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Н. Алдабергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      _____________ Ә. Құсайынов
      2009 жылғы 15 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының   
2009 жылғы 14 желтоқсандағы 
№ 398-НҚ бұйрығымен    
      бекітілген         

Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 2438 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 185-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ерекше тәртіп), және кірме жолдардың қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілеріне (бұдан әрі - Субъектілер) қолданылады.
      2. Ереже уәкілетті орган бекітетін экономикалық негізделген тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) белгілеу үшін Субъектілердің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидаттарын, оларды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      3. Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.
      4. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      Субъектінің (тармақ иесінің, контрагенттің) темір жол кешені – өзінің құрамында көлік инфрақұрылымының (кірме жолдардың желісі, жылжымалы құрам, диспетчерлік басқару және т.с.с.) қызметтерін (шығын орталықтарын) біріктіретін субъектінің бөлімшесі;
      шығын орталықтары – шығындарды бөлек есепке алу жүргізілетін темір жол кешенінің қызметтері, учаскесі немесе басқармасы;
      өндірістік операцияларды өлшеуіш – жекелеген өндірістік көрсеткіштердің көлемдерін өлшеу үшін қабылданған заттай көрсеткіш;
      шығыс ставкасы – өндірістік операциялар өлшеуішінің бірлігіне келетін шығындардың шамасы;
      қызметті өлшеуіш – темір жол кешенінің қызметтер көлемдерін өлшеуге қабылданған заттай көрсеткіш;
      шығындар иесі – ұстауға және пайдалануға шығындар жұмсалатын объектілер;
      шығыстар бабы (шығын түрлері) – жекелеген қызметтер, бір немесе бірнеше біртектес өндірістік көрсеткіштер бойынша ескерілетін шығындар;
      шығын элементтері - өндіріс шығындарын есепке алудың экономикалық жағдайын көрсететін ресурстардың түрлері бойынша шығындар;
      шығыстар (ресурстар) номенклатурасы – шығын орталықтары бойынша (қызмет түрлері бойынша) топтастырылған шығыс баптарының жиынтығын білдіреді;
      вагон-километр – жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көлемінің өлшемі.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
      5. Бөлек есепке алу кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша жеке кірістер, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер туралы ақпаратты жинау және қорытындылау жүйесін, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес Субъектілердің осындай ақпараттың негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістер, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер туралы есептерді кезең-кезеңмен жасауды және уәкілетті органға табыс етуді білдіреді.
      6. Бөлек есепке алудың негізгі қағидаттары:
      1) шығындар түрлерін немесе номенклатура ресурстарын көрсететін шығыстар номенклатурасының негізінде құрылымдалған түрде темір жол көлігінің салалары бойынша мамандандырылған шығын орталықтары бойынша шығыстарды есепке алуды ұйымдастыру;
      2) қызметтермен және шығыс ставкаларын айқындаумен әрқашанда себеп-салдарлық байланысы бар өндірістік операциялардың өлшеуіштеріне шығындарды жатқызу;
      3) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бастапқы құжаттар деректерінің негізінде қызметтің тиісті түрлеріне және қызмет көрсетулердің түрлеріне тікелей жатқызуға үстемдік беру;
      4) кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің өздері байланыста болған сол бір қызметтің түрлерімен және қызмет көрсетулердің түрлерімен себеп-салдарлық байланысы;
      5) қызметтерге өндірістік операциялар өлшеуіштерінің есептік көлемдерін бөлу негізінде қызметтерге жатқызылған шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді айқындау;
      6) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді қызметтің тиісті түрлеріне және реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлеріне жатқызу және бөлу кезіндегі ашықтық.
      7. Бөлек есепке алу осы Ережеге сәйкес қызмет түрлері және қызмет көрсету түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін бухгалтерлік пен басқару есебін жүргізуге пайдаланылатын бастапқы құжаттарға негізделеді.

2. Бөлек есепке алу жүргізілетін қызметтер түрлері мен қызмет көрсетудің түрлері

      8. Бөлек есепке алуды жүргізудің мақсаты үшін темір жол көлігінің қызметтері бойынша топтастырылған субъектінің темір жол кешенінің кірістері, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтері реттеліп көрсетілетін қызметтің түрлері бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша бөлінеді:
      1) кірме жолды жылжымалы құрамның өтуіне ұсыну – көлемін «кірме жолдар бойынша вагон - километр» өлшеуіші сипаттайтын реттеліп көрсетілетін қызмет;
      2) кірме жолды маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру және тасымалдау процесінің басқа да өндірістік операциялары, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық процесімен көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін ұсыну – көлемін «өндірістік операциялардың вагон-сағаттары» өлшеуіші сипаттайтын («жылжымалы құраммен өндірістік операцияларды жүргізу үшін ұсынылған кірме жолдардың километр-сағаты») реттеліп көрсетілетін қызмет;
      3) тұтастай өзге қызмет бойынша.
      9. Субъектінің темір жол кешені мынадай шығын орталықтарын қамтуы мүмкін:
      1) қозғалыс және пайдалану қызметі (кірме жолдардағы қозғалысты диспетчерлік басқару және кірме жолдар қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру) (негізгі шығыстар, өндірістік үстеме шығыстар);
      2) кірме жолдардың қызметі (негізгі шығыстар, өндірістік үстеме шығыстар);
      3) сигнал беру, орталықтандыру мен блоктау (бұдан әрі - СОБ) және байланыс қызметі (негізгі шығыстар, өндірістік үстеме шығыстар);
      4) электрмен жабдықтау қызметі (негізгі шығыстар, өндірістік үстеме шығыстар);
      5) қойма шаруашылығының қызметі (негізгі шығыстар, өндірістік үстеме шығыстар);
      6) автокөлік шаруашылығының қызметі (негізгі шығыстар, өндірістік үстеме шығыстар);
      7) жалпы цехтық (жалпы өндірістік), оның ішінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты шығыстардың учаскесі (бөлінетін үстеме шығыстар);
      8) темір жол кешенін басқару (жалпы және әкімшілік шығыстар).
      10. Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге темір жол кешенінің инфрақұрылымдық қызметтері: қозғалыс және пайдалану қызметі, кірме жолдардың қызметі, СОБ пен байланыс қызметі және электрмен жабдықтау қызметі қатысады. Кірме жолдардың объектілерінің құрылымдары мен техникалық жарақтандырылуына қарай темір жол кешені қызметтерінің бір бөлігі болмауы мүмкін немесе қызметтердің неғұрлым нақтыланған ұйымдастырылуына ие болуы мүмкін. Шығын орталықтары темір жол көлігінің салалары бойынша олардың мамандандырылуы тұрғысынан ұйымдастырылуға тиіс. Шығын орталықтарын темір жол көлігінің салалары бойынша мамандандырып ұйымдастыру қызмет түрлері бойынша шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің топтастырылуын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
      11. Әрбір шығын орталығы тіркелген штат персоналына және негізгі құралдарына ие болады. Шығын орталықтары жұмыстарының көлемі олармен орындалатын өндірістік операциялардың өлшеуіштерімен сипатталады. Әрбір шығын орталығы өндірістік операциялардың бір немесе бірнеше өлшеуіштеріне ие бола алады.

3. Шығыстар номенклатурасының немесе ресурстар номенклатурасының негізінде өндірістік шығындарды есепке алуды жүргізу тәртібі

      12. Шығындарды есепке алудың және ресурстар шығысының нормативтерімен салыстырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін шығындарды есепке алу субъект ұсынған шығындары шығындардың түрлері (шығын баптары) бойынша және шығындар элементтері бойынша шығын орталықтарының бөлінісінде қамтамасыз етілуге тиіс.
      13. Шығыстар номенклатурасы шығын орталықтары бойынша топтастырылған шығыс баптарының жиынтығын білдіреді. Шығындарды жекелеген жұмыстар бойынша, объектілер, бір немесе бірнеше біртектес өндірістік операциялар бойынша есепке алу номенклатураның жекелеген баптарында жүргізіледі. Шығыстардың әрбір бабы еңбекке ақы төлеу және аударымдар бойынша шығындардың, материалдарға, отынға, электр энергиясына арналған шығындардың, бөгде кәсіпорындардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындардың, амортизациялық аударымдар бойынша және осы бап бойынша шығын элементтері деп аталатын өзге шығындардың жиынтығын білдіреді.
      14. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын Субъектінің негізгі құралдары мыналарға:
      1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарға (жалғастыратын жол, кірме жол, станциялық құрылғылар, сигнал беру мен байланыс және басқалар). Оларды ұстау бойынша шығындар негізгі өндірістік шығыстарға жатады;
      2) кірме жолдарға ғана тән және кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарға қызмет көрсетуге қажетті ерекше сипаттағы негізгі құралдарға (арнайыландырылған техника, арнаулы көлік, машиналар мен жабдықтар, қызметтік-өндірістік ғимараттар мен құрылыстар және басқалар). Оларды ұстау бойынша шығындар негізгі өндірістік шығыстарға жатады;
      3) жалпы сипаттағы, негізгі өндіріске қызмет көрсетуде пайдаланылатын негізгі құралдарға (шеберханалар, жабдықтар, материалдық ресурстардың қоймалары, автокөлік, гараждар, қазандық, қызметтік үй-жайлар, инженерлік желілер және басқалар). Оларды ұстау бойынша шығындар үстеме шығыстарға жатады;
      4) әкімшілік және жалпы шаруашылық сипаттағы негізгі құралдарға (әкімшілік ғимараттар мен құрылыстарға, орталықтандырылған зертханаларға, қоймаларға және басқаларға) бөлінеді. Оларды ұстау бойынша шығындар кезең шығыстарына жатады.
      15. Негізгі құралдарды бөлу кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдардың қолданысқа енгізілу дәрежесі бойынша жүргізіледі.
      16. Шығыстар номенклатурасы бойынша шығындарды есепке алуды нақтылаудың ең төменгі деңгейі кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге қатысатын шығын орталықтары бойынша шығыстардың мынадай баптарын қамтиды:
      1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарды ағымдағы ұстау (техникалық қызмет көрсету);
      2) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарды жөндеу;
      3) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдардың амортизациясы;
      4) кірме жолдарға ғана тән және ерекше сипаттағы кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарға қызмет көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды ағымдағы ұстау (техникалық қызмет көрсету);
      5) кірме жолдарға ғана тән және ерекше сипаттағы кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарға қызмет көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды жөндеу;
      6) кірме жолдарға ғана тән және ерекше сипаттағы кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын негізгі құралдарға қызмет көрсету үшін қажетті негізгі құралдардың амортизациясы;
      7) кірме жолдарда қозғалысты диспетчерлендіру жөніндегі негізгі өндірістік операциялар;
      8) кірме жолдарға жылжымалы құрамдарды әкелуді - шығаруды ұйымдастыру жөніндегі негізгі өндірістік операциялар (жүктерді қабылдау және тапсыру, жүктерді тиеу мен бекітудің дұрыстығын тексеру, таразылар мен таразы құралдарын ұстау және басқалар);
      9) үстеме шығыстар (жалпы сипаты бар негізгі өндіріске қызмет көрсетуде пайдаланылатын негізгі құралдарды ұстау және жөндеу, жалпы цехтық (жалпы өндірістік) үстеме шығыстар);
      10) жалпы және әкімшілік шығыстар (әкімшілік шығыстар, өндірістік сипаттағы жалпы шаруашылық шығыстар).
      17. Көмектесуші қызмет болып табылатын кірме жолдардың қызметін көрсететін және негізгі қызметке қызмет көрсететін Субъектілер (өнеркәсіптік, кен-химиялық, металлургия кешендерінің кәсіпорындары және басқалар), шығыс номенклатурасының орнына шығын түрлері (шығын баптары) бойынша қызметтер бөлінісінде шығындарды ұсыну үшін ресурстар номенклатурасын пайдалана алады.

4. Кірме жолдар қызметтерінің өлшеуіштері бойынша шығыстар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу тәртібі

      18. Шығындарды қызметтер өлшеуіштеріне бөлу кезеңінде жалпы цехтық шығыстар учаскесінің шығындары (активтер мен тиісті үстеме шығыстар) жалпы цехтық шығыстарының өздерінің құрылымын ескере отырып шығын орталықтарына:
      1) персоналмен байланысты жалпы цехтық шығыстар өндірістік персоналдың еңбек ақы төлеу қорына тепе-тең;
      2) жалпы сипаттағы негізгі құралдарға байланысты жалпы цехтық шығыстар тиісті шығын орталықтарының осы негізгі құралдарды пайдалану дәрежесін көрсететін көрсеткішке тепе-тең (жалпы негізгі құралдармен қызмет көрсететін шығын орталықтарының негізгі құралдарының қалдық құнына немесе тікелей өндірістік шығындарға тепе-тең) бөлінеді;
      19. Кірме жолдар қызметтерінің өлшеуіштеріне шығыстар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) шығын орталықтарының шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін өндірістік операциялардың өлшеуіштеріне жатқызу және шығыс ставкаларын есептеу (өндірістік операциялар өлшеуіштерінің тізбесі және активтер мен шығындарды жатқызу үйлесімділігі осы Ережеге қосымшада келтірілген);
      2) өндірістік операциялар өлшеуіштерінің есептік көлемдерін қызметтер өлшеуіштеріне бөлу және шығыс ставкаларының негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын есептеу (өндірістік операциялар өлшеуіштерінің есептік көлемдерін реттеліп көрсетілетін қызметтерге бөлу тәртібі осы Ережеге қосымшада келтірілген).
      20. Егер әрбір шығын орталығы өндірістік операциялардың бір өлшеуішіне ие болса, ол практикада жиі қолданылады, онда барлық тікелей өндірістік, өндірістік үстеме шығыстар және тиісті шығын орталығына жатқызылған жалпы цехтық үстеме шығыстардың үлестері оның бір өлшеуішіне және тиісінше негізгі құралдарға жатқызылады.
      21. Егер шығын орталығы бірнеше өлшеуіштерге ие болса, онда тікелей өндірістік шығындар мен негізгі құралдар тиісті өндірістік операцияларда олардың қолданысқа енгізілу дәрежесіне қарай осы өлшеуіштерге бөлінуге тиіс.
      22. Үстеме шығыстар өндірістік операциялардың бірнеше өлшеуіштеріне шығыстардың өздерінің құрылымын ескере отырып жатқызылады:
      1) персоналға қызмет көрсетуге байланысты үстеме шығыстар (еңбек демалысы, іссапарлық, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, уақытша еңбекке жарамсыздығы, медициналық тексеру, жол жүру құжаттары, жұмыс күшін алу мен оны даярлау және басқалар) - өндірістік персоналдың еңбекақысының қорына тепе-тең;
      2) жалпы сипаттағы негізгі өндіріске қызмет көрсетуде пайдаланылатын негізгі құралдарды ұстауға байланысты үстеме шығыстар – кірме жолдарға ғана тән және ерекше сипаттағы кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге тікелей қатысатын қажетті тиісті негізгі құралдарға - өндірістік операциялардың өлшеуіштеріне тепе-тең немесе өндірістік персоналдың еңбекақысының қорына немесе тікелей өндірістік шығыстарға тепе-тең жатқызылады.
      23. Жатқызылған негізгі құралдар бойынша бір мезгілде өндірістік операциялардың өлшеуіштеріне жатқызылған негізгі құралдардың тозу мөлшерлері де айқындалады.
      24. Негізгі құралдарды өндірістік операциялардың өлшеуіштеріне жатқызу тәртібі осы Ережеге қосымшада келтірілген тиісті шығындарды жатқызу тәртібіне сәйкес келуге тиіс.
      25. Кезең шығыстары қызметтер өлшеуіштеріне кезең шығыстарының өздерінің құрылымын ескере отырып жатқызылады:
      1) өндірісті басқару бөлігінде (әкімшілік шығыстар - әкімшілік персоналдың жалақысы, әкімшілік персоналдың қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстар) - өндірістік персоналдың еңбекақысы қорының қызметтер өлшеуіштеріне тепе-тең;
      2) әкімшілік ғимараттар мен қызметтік көлікті ұстау бойынша шығыстар – өндірістік персоналдың еңбекақысының қорындағы қызметтер өлшеуіштеріне тепе-тең;
      3) объектілерді (зертханалар, эксперименталдық цехтар және тағы басқалар) ұстау бойынша өндірістік сипаттағы жалпы шаруашылық шығыстар – қызмет көрсету үшін жұмыс істейтін негізгі құралдарға (бірінші және екінші санаттағы) тепе-тең;
      4) негізгі құралдарды сатып алу жөніндегі нысаналы кредиттер бойынша проценттер – қызметтерді шығаруға мақсатталған сатып алынатын негізгі құралдың осы қызметтерге қатысу дәрежесі бойынша жатқызылады.
      26. Өндірістік операциялардың өлшеуіштеріне жатқызылған негізгі және үстеме өндірістік шығыстарды, жалпы цехтық шығыстарды олардың есептік көлемдеріне бөліп, тиісті шығыс ставкаларын айқындайды. Кезең шығыстарын негізгі де, үстеме де өндірістік шығыстар сияқты сол өлшеуіштерге бөле отырып, толық шығыс ставкалары айқындалады.
      27. Қызметтерге жатқызылған шығындардың мәндері тиісті шығыс ставкаларына жатқызылған өндірістік операциялар өлшеуіштері көлемдерінің туындыларын жиынтықтаумен айқындалады.
      28. Субъектіде өзінің тұтынуы үшін ішкі цехтық жолдар болған жағдайда өзіндік құны мен сыртқы клиенттерге арналған тарифтерді есептеу үшін жалпы пайдаланудағы (сыртқы клиент үшін де, өзінің тұтынушы үшін де қызмет көрсетуге арналған) объектілерге (кірме жолдар мен құрылыстар) ғана келетін шығындар қаралады. Бұл ретте шығындар тиісті шығыс ставкаларына жатқызылған жалпы пайдаланудағы өндірістік операциялар өлшеуіштерінің көлемдері туындысының жиынтығы ретінде айқындалады.
      29. Кезең шығыстары барлық қызметтерге, оның ішінде Субъектінің өзінің тұтынуына арналған қызметтерге бөлінеді.
      30. Субъектінің шығындарын бөлу базасымен шығындарды өндірістік операциялар өлшеуіштеріне және кірме жолдар қызметтеріне шығындарды бөлу жөніндегі кестелік нысан түрінде жатқызу осы Ережеге қосымшада келтірілген.

5. Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша кірістерді бөлек есепке алу тәртібі

      31. Кірістерді есепке алу негізгі, қосалқы - көмекші және қызметтің басқа түрлерінен табыс түсуі мүмкін Субъектілердің әрбір қызметі бойынша жүргізіледі.
      32. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрін ұсынудан түскен табыстар олар бойынша көрсетілген қызмет түрлері сыртқы пайдаланушыларға көрсетілген қызметтердің тиісті түрлерінің көлемдерінен және тарифтерге сүйене отырып айқындалады. Қызметтер көрсетуден түскен табыс бастапқы құжаттар деректерінің негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша тікелей жатқызылады.

6. Кірме жолдардың қызметтерін көрсететін субъектілердің қызметіне мониторингі жүргізу үшін олардың кірістерін, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін бөлек есепке алу жөніндегі қаржылық-статистикалық есептіліктердің кестелік нысандарына қойылатын талаптар

      33. Шығындар мен кірістерді есепке алу жөніндегі ақпаратты құру үшін осы Ережеге қосымшада көрсетілген темір жол көлігінде қолда бар ішкі қаржылық есептіліктердің құрылымы пайдаланылады.
      34. Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне шығыс ставкаларын, активтердің өзіндік құнын және қолданыстағы дәрежесін есептеу тәртібі осы Ережеге қосымшада келтірілген.
      35. Кірме жолдардың қызметтерін көрсететін субъектілердің кірістерін, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін бөлек есепке алу жөніндегі кестелер осы Ережеге қосымшада келтірілген.
      36. Субъектілер өткен жыл үшін ақпаратты осы Ережеге қосымшаға сәйкес жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей уәкілетті органға электрондық және қағаз түріндегі жеткізгіште ұсынады. Қағаз жеткізгіштегі ақпаратқа басшы, бас бухгалтер мен субъектінің атқарушысы қол қояды және мөрмен расталады. Электрондық жеткізгіштегі ақпарат қағаз жеткізгіште ұсынылған ақпаратқа сәйкес келуге тиіс.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010.09.24 N 279-нқ (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін
монополиялар субъектілерінің   
кірістерді, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтерді бөлек есепке 
алуды жүргізу ережесіне қосымша  

_________________________ 20____жылға
табиғи монополия субъектісінің атауы өндірістік-қаржылық қызметі туралы кесте

1. Есепті кезең ішіндегі шығындардың баптары мен элементтері бойынша шығыстар

Р/с № Шығын орталықтарының (учаскелердің) атауы Шығыстар өлшеуіштер Өлшеуіш көлемі Шығыс ставкасы
жоспар факт жоспар факт жоспар факт
1 2 3 4 5 6 7 8 9

Қозғалыс және пайдалану қызметі









1-бап









2-бап



қабылданған, жөнелтілген және қайта өңделген вагон






...









тауар кассирінің жұмысы



құжаттамалық өңделген вагон (жүкті қабылдау-тапсыру)






тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар









жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Кірме жолдың қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



кірме жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығының км






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Дабыл беру және байланыс қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



шартты техникалық бірлік






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Электрмен жабдықтау қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



техникалық бірлік






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Қойма шаруашылығының қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



алаңның шаршы метрі/тәуліктер






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Автокөлік шаруашылығының қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



машина-сағат






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Жалпы цехтық шығыстардың учаскесі



теңге шығындар






персоналға байланысты жалпы цехтық шығыстар









1-объект









2-объект









Темір жол кешенін басқару (жалпы және әкімшілік шығыстар)



теңге шығындар






әкімшілік шығыстар









салықтар









ТЖК бойынша шығыстардың барлығы








2. Кірістер

шот Кірістердің түрлері мен басқа да көрсеткіштер Болжам-жоспары-бойынша Есеп бойынша
1 2 3 4

А. Кірме жолдардағы қызметтерден түсетін кірістер




Реттеліп көрсетілетін қызметтерден түсетін кірістер




Клиеттердің жылжымалы құрамының өтуі үшін кірме жолдарды ұсынудан түсетін кірістер




Кірме жолдарды маневрлік операцияларды жүргізу үшін, тиеу - түсіру, тасымалдау процессінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ клиенттердің жылжымалы құрамының тұрағы үшін ұсынудан түсетін кірістер




Кірме жолдардағы реттеліп көрсетілетін қызметтерден түсетін кірістердің жиыны




В. Өзге қызметтен түсетін кірістер




Тиеу-түсіру орнына/нан вагондарды беру-алып кетуден түсетін кірістер




жүктерді және вагондарды қабылдауды-тапсыруды ұйымдастыру бөлігінде




Арнаулы құралдармен паромдарға/дан вагондарды кіргізу-шығарудан түсетін кірістер




Жүктерді вагондарға (дан) тиеуден-түсіруден түсетін кірістер




Жүктерді вагондармен таразылаудан түсетін кірістер




Қосалқы өндірістерден түсетін кірістер




Өзге реттеліп көрсетілмейтін қызметтерден түсетін кірістер




Өзге қызметтен түсетін кірістер жиыны




Барлық кіріс



      Басшы _______________

      Бас бухгалтер _______________

3. Есепті кезең ішінде шығыс ставкаларын есептеу

№ Р/с Шығын орталықтарының (учаскелердің) атауы Шығыстар өлшеуіштер Өлшеуіш көлемі Шығыс ставкасы
жоспар факт жосп ар факт жосп ар факт
1 2 3 4 5 6 7 8 9

Қозғалыс және пайдалану қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны



қабылданған, жөнелтілген және қайта өңделген вагон






оның ішінде, жалақы











Үстеме шығыстар



тасымалданатын құжаттарды ресімдеу және олар жайлы мәлімет беру (жүкті қабылдау-тапсыру)






тауар кассирінің жұмысы









жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Кірме жолдың қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



кірме жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығының км






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Дабыл беру және байланыс қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



шартты техникалық бірлік






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Электрмен жабдықтау қызметі









1-бап









2-бап









...









тікелей шығыстардың жиыны









оның ішінде, жалақы









Үстеме шығыстар



техникалық бірлік






жалпы цехтық шығыстардың үлесі









учаске бойынша жиыны









Жалпы және әкімшілік шығыстардың үлесі



теңге шығындар






әкімшілік шығыстар









салықтар









ТЖК-нің реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша шығыстардың жиыны








4. Активтердің қолданыстағы дәрежесі


Р/с
Шығын орталықтарының (учаскелерінің) атауы өлшем бірлігі Бастапқы құны

   
қалдық құны Жобалық қуат Жүктеме деңгейі Қолданыстағы дәрежесі
1 2 3 4 5 6 7 8 9

Қозғалыс және пайдалану қызметі









Топтар бойынша негізгі құралдар:









...









учаске бойынша жиыны









Жалпы цехтық шығыстар учаскесінің негізгі құралдарының үлесі









Жалпы және әкімшілік негізгі құралдардың үлесі









Кірме жолдың қызметі









Топтар бойынша негізгі құралдар:









...









учаске бойынша жиыны









Жалпы цехтық шығыстар учаскесінің негізгі құралдарының үлесі









Жалпы және әкімшілік негізгі құралдардың үлесі









Дабыл беру және пайдалану қызметі









Топтар бойынша негізгі құралдар:









...









учаске бойынша жиыны









Жалпы цехтық шығыстар учаскесінің негізгі құралдарының үлесі









Жалпы және әкімшілік негізгі құралдардың үлесі









Электрмен жабдықтау қызметі









Топтар бойынша негізгі құралдар:









...









учаске бойынша жиыны









Жалпы цехтық шығыстар учаскелерінің негізгі құралдарының үлесі









Жалпы және әкімшілік негізгі құралдардың үлесі









реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша жиыны








      Кірме жолдардың жалпы ұзына бойы жайылған ұзындығы
      Кірме жолдардың жалпы бөлігінің ұзына бойы жайылған ұзындығы
      Кірме жолдардың жалпы бөлігінің бас жолдарының ұзына бойы жайылған ұзындығы
      Субъектінің кірме жолдарының жалпы бөлігінде станциялық жолдардың және жүк пунктері жолдарының ұзына бойы жайылған ұзындығы
      Жалпы жүк айналымы
      Вагондардың кірме жолда болған жалпы вагон-сағаты
      Кірме жолдың жалпы бөлігіндегі вагон айналымы
      Кірме жолдың жалпы бөлігіндегі вагон-км
      Кірме жолдың жалпы бөлігіндегі технологиялық операциялардың вагон-сағаты
      Кірме жолдың жалпы бөлігіндегі вагондар тұруының вагон-сағаты

5. Кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің шығындарын және өзіндік құнын есептеу


Р/с
Кірме жолдар қызметтерінің атауы Қабылданған, жөнелтілген және қайта өңделген вагон жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығының км Шартты техникалық бірлік Техникалық бірлік Жиыны


Өлшеуіш/теңгедегі шығыс ставкасы

Rдисп

Rкм

Rсцб

Rэл



1

Жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну

nпр_отпр

Lгл

K*Lгл/L

w*Lгл/L





Қызметке жатқызылған шығындар

Rдисп*nпр_отпр

Rкм*Lгл

Rсцб*K*Lгл/L

Rэл*w*Lгл/L





Вагон-км-дегі қызметтердің көлемі











2

Маневрлік жұмыстарды және вагондармен жасалатын басқа да технологиялық операцияларды жүргізу үшін кірме жолды ұсыну

nпер

a*Lст_гп

K*a*Lст_гп/L

w*a*Lст_гп/L





Қызметке жатқызылатын шығындар



Rкм*b*Lст_гп

Rсцб*K*b*Lст_гп/L

Rэл*w*b*Lст_гп/L





Вагон-сағатта тұрақ қызметтерінің көлемі













Қызметтің өзіндік құны











      Ескерту: қызметтерге жатқызылған шығындар тиісті шығыс ставкасына жатқызылған өлшеуіштердің көлемдерін жиынтықтау жолымен есептеледі. Қызметтердің өзіндік құнын есептеу үшін "жиыны" деген бағандағы боялған ұяларды толтырған жөн.

 Lгл

бас кірме жолдардың ұзына бойы жайылған ұзындығы (магистральдық темір жол желісінің жанасу станциясынан субъектінің станциясына дейін бас қосушы жол, станциядағы қабылдау және жөнелту жолдары (егер ішкі станция болған кезде), кірме жолдарға қосылған жолдар және кірме жолдың тиеу-түсіру орындарына дейінгі бас стволы);

 Lст_гп

станциялық жолдардың (егер ішкі станция болса, қабылдау-жөнелту жолынан басқа) және кірме жолдың жүк пунктінің жолдық дамуының ұзына бойы жайылған ұзындығы, бұл ретте L=Lгл+Lст_гп;

 Rдисп

қабылданған, жөнелтілген және қайта өңделген вагондар өлшеуішінің шығыс ставкасы

 Rкм

кірме жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығы километрі өлшеуішінің шығыс ставкасы

 Rсцб

ДОБ және байланыстың шартты техникалық бірлігі өлшеуішінің шығыс ставкасы

 Rэл

электрмен жабдықтау қызметінің техникалық бірлігі өлшеуішінің шығыс ставкасы

 nпр_отпр

қабылданған, жөнелтілген вагондардың саны

 nпер

қайта өңделген вагондардың саны

маневрлік жұмыстарды, тиеу-түсіруді және тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операцияларын және вагондардың тұруын жүргізуге бөлінген кірме жолдардың км-сағаттың жалпы сомасындағы маневрлік жұмыстарды, тиеу-түсіру және тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операцияларын жүргізумен айналысатын кірме жолдардың үлесі

маневрлік жұмыстарды, тиеу-түсіруді және тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операцияларын және вагондардың тұруын жүргізуге бөлінген кірме жолдардың км-сағаттың жалпы сомасындағы вагондар тұрғанда алатын кірме жолдардың үлесі

ti

і-вагонның кірме жолда болғандағы жалпы уақыты

tст_i

j-вагонның кірме жолда тұрғандағы жалпы уақыты

Ii

вагон жүрісінің қашықтығы (беру бойынша)

v

вагондарды кірме жолдарға (дан) беру-алып кету кезінде локомотив қозғалысының орташа жылдамдығы

k

ДОБ және байланыстың шартты техникалық бірлігінің саны

w

электрмен жабдықтаудың техникалық бірлігінің саны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады