Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 105 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6010 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау және мониторингі мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесінде:
      115-тармақтар және 4-тараудың атауы «сыртқы» деген сөзден кейін «немесе сыртқы транзиттік» деген сөздермен толықтырылсын;
      1114-тармақтар «Сыртқы» деген сөзден кейін «немесе сыртқы транзиттік» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      4) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) сыртқы басқарушылардың санын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысында белгіленген сыртқы басқарудың тиісті көлемдерде ұстап тұру үшін сыртқы басқаруға беріледі.»;
      2-тарау 10-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «10-1. Активтерді сыртқы транзиттік басқару – бұл бір сыртқы басқарушыдан басқасына аударуға арналған активтер берілетін активтердің ауысуымен қатар жүретін тәуекелдерді төмендету мақсатында сыртқы транзиттік басқарушыға 6 (алты) айға дейінгі мерзімге берілетін басқару түрі.
      10-2. Сыртқы транзиттік басқарушы – клиенттердің активтерін транзиттік басқаруға маманданатын және өз қызметін халықаралық қаржы нарығында жүзеге асыратын инвестициялық компания және/немесе инвестициялық банк.»;
      3-тараудың атауы «Сыртқы» деген сөзден кейін «немесе сыртқы транзиттік» деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақта «Сыртқы» деген сөзден кейін «немесе сыртқы транзиттік» деген сөздермен толықтырылсын;
      17-тармақта «Сыртқы» деген сөзден кейін «немесе сыртқы транзиттік» деген сөздермен толықтырылсын;
      19-тармақтың 2) тармақшасындағы «50 (елу)» деген цифр және сөз «25 (жиырма бес)» деген цифрмен және сөздермен ауыстырылсын;
      25-тармақта:
      «сыртқы басқарушыны» деген сөздер «сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқарушыны» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «сыртқы басқарушымен» деген сөздер «сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқарушымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тарау 31-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
      «31-1. Осы Тарауда белгіленген талаптардың күші сыртқы транзиттік басқарушы сыртқы транзиттік басқаруды жүзеге асырған кезде Ұлттық Банк және сыртқы транзиттік басқарушы арасында туындайтын қатынастарға қолданылады.»;
      Орыс тіліндегі Ереженің 1-қосымшасында:
      8–19-тармақтардың нөмірленуі тиісінше 7–18 нөмірленумен ауыстырылсын;
      Мемлекеттік тілдегі Ереженің 1-қосымшасында:
      19-тармақтың нөмірленуі 18 болып ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      ___________ Б. Жәмішев
      2009 жылғы 25 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады