Құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді, күзет қызметі субъектілерін, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, жарылғыш заттар мен материалдарды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды, улы заттарды, түрлі-түсті көбейту-көшіру техникасын сақтайтын субъектілерді және мөрлер мен мөртаңбаларды дайындау жөніндегі штемпельдік-граверлік кәсіпорындарды тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 504 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 41 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6060 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 132 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 100 бірлескен бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.03.28 № 132 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2011.04.11 № 100 бірлескен бұйрығымен.

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің, күзет қызметі субъектілерінің, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, жарылғыш заттар мен материалдарды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды, улы заттарды, түрлі-түсті көбейту-көшіру техникасын сақтайтын субъектілердің және мөрлер мен мөртаңбаларды дайындау жөніндегі штемпельдік-граверлік кәсіпорындардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.Т. Қабденов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Алматы және Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеуді және талаптарының орындалуын ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары А.В. Кулиничке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі                          С. Баймағанбетов

      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі                          Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2010 жылғы
29 желтоқсандағы № 504 және
Қазақстан Республикасы 
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің 
2010 жылғы 10 ақпандағы
№ 41 бірлескен бұйрығымен
бекітілген      

Құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке
келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын субъектілердің, күзет қызметі
субъектілерінің, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен
оның патрондарын, жарылғыш заттар мен материалдарды, азаматтық
пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды,
улы заттарды, түрлі-түсті көбейту-көшіру техникасын сақтайтын
субъектілердің және мөрлер мен мөртаңбаларды дайындау жөніндегі
штемпельдік-граверлік кәсіпорындардың тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге, күзет қызметі субъектілеріне, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын (бұдан әрі - қару-жарақ), жарылғыш заттар мен материалдарды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды, улы заттарды, түрлі-түсті көбейту-көшіру техникасын сақтайтын субъектілерге және мөрлер мен мөртаңбаларды дайындау жөніндегі штемпельдік-граверлік кәсіпорындарға (бұдан әрі – реттеу субъектілері) жоспарлы тексерістер өткізу үшін әзірленген.
      2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел – азаматтардың өмірі мен денсаулығына, меншікке зиян келтіру, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке, оның зардаптарының ауырлық дәрежесін ескере отырып:
      Заңсыз әскерилендірілген құрылымдар немесе қылмыстық ұйымдар құру, шетелдік қатысумен күзет құрылымдарының жұмыс істеуі, еліміздегі жағдайды тұрақсыздандыру, құқыққа қарсы әрекеттер жасау үшін күзет ұйымдарын пайдалану;
      қару-жарақтың, жарылғыш және улы заттарды заңсыз айналымға өтуі, оларды құқыққа қарсы мақсаттарда, оның ішінде терроризм актілерін жасау кезінде пайдалану;
      ақша белгілері мен бағалы қағаздарды, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, мемлекеттің тұтастығын бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруге шақыратын баспа өнімдерін заңсыз жасау арқылы қауіп-қатер төндіру ықтималдылығы.
      2) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бұл бақыланатын объектілерді тексеруді жоспарлау мақсатында лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің және ішкі істер органдары мемлекеттік күзет қызметінің бақылау және қадағалау қызметтерін жүзеге асыруға уәкілеттілер жүргізетін іс-шаралар кешені;
      3) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері объектілердің тікелей қызметіне, олардың салалық даму ерекшеліктеріне және тәуекелдің әртүрлі дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін осы дамуға ықпал ететін факторлармен байланысты сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.
      3. Жоспарлы тексерістер жүргізу тәуекел дәрежесіне байланысты:
      жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - жылына бір реттен;
      орташа тәуекел дәрежесі кезінде - үш жылда бір реттен;
      төмен тәуекел дәрежесі кезінде - бес жылда бір реттен жиі емес кезеңділікпен белгіленеді.
      4.Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 2 түрге бөлінеді:
      1) Объективтік – реттеу субъектілерінің қызметін жүзеге асыру кезіндегі ықтимал тәуекелдің маңыздылығына негізделген;
      2) Субъективтік реттеу субъектілерінің белгіленген талаптарды бұзуға жол беруіне қарай белгіленеді.
      Субъективтік критерийлер елеулі және елеусіз бұзушылықтар болып бөлінеді.
      5. Тәуекел дәрежелері бойынша реттеу субъектілерін бастапқы жатқызу тәуекел дәрежесін бағалаудың объективтік критерийлері негізінде ғана жүзеге асырылады.
      6. Тәуекел дәрежесі бойынша реттеу субъектілерін екінші рет жатқызу субъективтік критерийлері ескере отырып жүзеге асырылады.
      Елеусіз тәуекел дәрежесінің 3-тобына кіретін реттеу субъектілері тексерілетін кезең ішінде бір елеулі немесе екі елеусіз заң бұзушылық жасаған жағдайда орташа тауекел дәріжесінің 2-тобына, ал үш елеулі заң бұзушылық жасаған жағдайда жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына ауыстырылады.
      Орташа тәуекел дәрежесінің 2-тобына кіретін реттеу субъектілері тексерілетін кезең ішінде бір елеулі немесе екі елеуісіз заң бұзушылық жасаған жағдайда жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына ауыстырылады.
      Соңғы жоспарлы тексеріс заң бұзушылықтарды анықтамаған жағайда реттеу субъектілері дәрежесі аз тәуекел тобына ауыстырылады.
      Жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына жатқызылған реттеу субъектілері төменірек тәуекел тобына ауыстырылмайды және жыл сайын тексеруге жатады.
      7. 2 және 3-ші тәуекел топтарына жатқызылған реттеу субъектілері тексеріс жоспарларына соңғы тексерістің күнін ескере отырып енгізіледі.

2. Қару мен оның патрондарын, жарылғыш заттар мен
материалдарды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды
қолданып жасалған бұйымдарды, улы заттарды, түрлі-түсті
көбейту-көшіру техникасын сақтайтын субъектілердің және мөрлер
мен мөртаңбаларды дайындау жөніндегі штемпельдік-граверлік
кәсіпорындардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      8. Реттеу субъектілері объективтік критерийлері бойынша мынадай тәуекел топтарына бөлінеді:
      тәуекел дәрежесі жоғары 1-топқа – қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды пайдаланатын және сақтайтын заңды тұлғалар;
      тәуекел дәрежесі орташа 2-топқа - азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтайтын және пайдаланатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер;
      тәуекел дәрежесі елеусіз 3-топқа - түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын сақтайтын және пайдаланатын заңды тұлғалар, сондай-ақ мөрлер мен мөртаңбаларды дайындау жөніндегі штемпельдік-граверлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер).
      9. Елеулі заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын сақтауға, штемпельдік-граверлік кәсіпорындардың жұмыс істеуіне рұқсаттың болмауы;
      2) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға рұқсаттың болмауы;
      3) реттеу объектілерінің қызметкерлерінде қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге жеке рұқсатының болмауы;
      4) қызметтік қаруды мақсатынан тыс пайдалану;
      5) қару-жарақты, белгіленбеген жерде сақтау;
      6) қару-жарақтың, жарылғыш және улы заттардың, азаматтық пиротехникалық бұйымдардың, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасының, мөрлер мен мөртаңбалардың ұрлану немесе жоғалу фактілеріне жол беру;
      7) қару-жараққа, жарылғыш және улы заттарға, азаматтық пиротехникалық бұйымдарға, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасына, мөрлер мен мөртаңбаларға есеп жүргізу тәртібін бұзу;
      8) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын, мөрлер мен мөртаңбаларды сақтауға арналған үй-жайларда өрт-күзет сигнализациясының болмауы не ақауының болуы;
      9) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын, мөрлер мен мөртаңбаларды сақтауға арналған үй-жайлардың техникалық нығайтылуын бұзу;
      10) республика аумағына қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз әкелу (әкету);
      11) дүкендер сататын қару мен оның патрондарына сәйкестік сертификатының болмауы;
      12) қару-жараққа, жарылғыш және улы заттарға, азаматтық пиротехникалық бұйымдарға, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасына, мөрлер мен мөртаңбаларға рұқсаты бар адамдардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.
      10. Елеусіз заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) сатып алынған қару-жарақты тіркеу мерзімдерін сақтамау;
      2) реттеу субъектілері филиалдарының (өкілдіктерінің) қару-жарақты балансқа алу кезінде оны уақтылы тіркемеуі;
      3) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын сақтауға, штемпельді-граверлық кәсіпорындардың жұмыс істеуіне рұқсаттарды уақтылы ұзартпау;
      4) реттеу объектілері қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге жеке рұқсаттарын уақтылы ұзартпауы;
      5) келіп түскен және сатылған қару-жарақтың саны туралы есепті ұсынбау не уақтылы ұсынбау.
      6) жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтайтын қоймаларда рұқсат етілетін нормадан асып кету.

3. Құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті
қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке
келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын субъектілердің, күзет қызметі
субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      11. Объективтік критерийлерге мыналар жатады:
      тәуекел дәрежесі жоғары 1-топқа-күзет қызметін қызметтік және азаматтық қаруды пайдалана отырып жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар;
      тәуекел дәрежесі орташа 2-топқа-күзет қызметін қызметтік және азаматтық қаруды пайдаланбай жүзеге асыратын, сондай-ақ соңғы үш жылда құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде заң бұзушылық жасаған қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар;
      тәуекел дәрежесі елеусіз 3-топқа-күзет қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ 1 және 2-топтарға енгізілмеген құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар.
      12. Елеулі заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) күзет құрылымдарының қызметінде шетелдік қатысудың болуы;
      2) күзет құрылымы басшысының не күзетшінің психикалық ауруының болуы, маскүнем, нашақор болуы;
      3) күзет құрылымы басшысының не күзетшінің қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталығының болуы;
      4. күзет құрылымы басшының жоғары заңгерлік білімі немесе Қарулы Күштерде басшылық лауазымдарда немесе құқық қорғау органдарында басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болмауы;
      5. күзет құрылымдарының басшысының не күзетшінің арнайы даярлық курстарынан өткені туралы куәлігінің болмауы;
      6. қызметтік қару пайдаланған жағдайда қару-жарақ және оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайдың (не белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға келісім-шарттың) болмауы;
      7. күзет құрылымдарының басшылары мен күзетшілерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қылмыс жасауы;
      8. қауіпсіздік жүйесін орнату бойынша жұмыс жүргізушілерде жоғары кернеулі (1000 вольтқа дейін) жұмыстарға рұқсатының болмауы.
      13. Елеусіз заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұйғарымын және басқа да заңды талаптарын орындамау;
      2) күзет құрылымы басшысының не күзетшінің біліктілікті  арттыру курстарынан (оқытудың арнайы курсы) уақтылы өтпеуі;
      3) реттеу субъектісінің қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасасудың жазбаша нысанын сақтамауы;
      4) объектілерді күзету кезінде күзетшілердің белгіленген нормативтік штаттық санын бұзу;
      5) күзет құрылымы басшысының не күзетшінің жас ерекшелігінің сәйкес келмеуі;
      6) күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлердің міндетті сақтандырылуы туралы талаптардың сақталмауы;
      7) күзет құрылымдары қызметкерлерінің қызметтік міндетін орындау кезінде белгіленбеген үлгідегі нысанды киім киюі;
      8) ұйым басшысының қауіпсіздік жүйесін орнату бойынша техникалық қауіпсіздік саласындағы жұмыстың бейініне сәйкес келетін жоғары техникалық білімінің (жеке тұлғалар үшін – жоғары немесе орта арнаулы білім) болмауы;
      9) ұйымда қауіпсіздік жүйесін орнату бойынша радиожелілік спектрі бар жабдықтарды пайдалану туралы санитарлық және экологиялық қадағалау органдары қорытындысының болмауы;
      10) ұйымда қауіпсіздік жүйесін орнату бойынша санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретін арнайы құрал-жабдықтар мен үй-жайлардың болмауы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады