Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру мәселелері бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 502 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 17 ақпандағы N 69 Бірлескен бұйрықтары. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6084 болып енгізілді

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру мәселелері бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (Ж.Қ. Сүлейменов):
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми Интернет ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін;
      3. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеу мен орындауды ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары А.А. Әубәкіровке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі               Экономика және бюджеттік
      _________ С. Баймағанбетов         жоспарлау министрі
                                        _____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 
2009 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 502, және     
Қазақстан Республикасы 
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің 
2010 жылғы 17 ақпандағы
№ 69 бірлескен бұйрығымен
бекітілген     

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру мәселелері бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері.

      1. Осы өлшемдер «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымындағы субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында тәуекелдер көрсеткіштерін анықтау үшін әзірленген.
      2. Осы критерийлерде мынадай түсініктеме пайдаланылады:
      тәуекел – салдарының ауырлық дәрежесі ескерілген есірткі құралдарды, психотроптық заттар мен прекурсорларды ұрлауды жүзеге асыру ықтималдығы.
      3. Реттелетін субъектілерді тәуекелдер дәрежелеріне бірінші рет жатқызу жүзеге асыратын қызметіне байланысты тәуекел дәрежесін бағалаудың тек объективті критерийлерінің негізінде жүзеге асырылады:
      жоғары дәрежедегі тәуекел тобы – есірткі құралдары мен психотроптық заттардың өндірісін және/немесе көтерме сатуды жүзеге асыратын субъектілер;
      орта дәрежедегі тәуекел тобы - прекурсорлардың өндірісін және/немесе көтерме сатуды жүзеге асыратын субъектілер;
      елеусіз дәрежедегі тәуекел тобы - өзінің өндірістік қызметінде прекурсорларды қолданатын субъектілер.
      4. Реттелетін субъектілерді тәуекелдер дәрежелері бойынша екінші рет жатқызу елеулі заң бұзушылықтар және елеусіз заң бұзушылықтар жатқызалатын субъективтік өлшемдерді ескере отырып жүзеге асырылады.
      5. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы кезіндегі елеулі заң бұзушылықтар:
      1) аумақтық ішкі істер органының есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайды пайдалануға рұқсаты;
      2) күзет және/немесе дабыл сигнализациясы жоқтығы.
      6. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы кезіндегі елеусіз заң бұзушылықтар:
      1) "Есірткі құралдары, псиохотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы № 141 бұйрығының (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2001 жылғы 14 наурызда № 1426 болып тіркелген) талаптарына сәйкес келмеуі;
      2) есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға рұқсат алған субъектінің қызметкерлерінде ішкі істер органдарының тиісті тексеруінен өткені туралы қорытындының жоқ болуы;
      3) есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға рұқсат алған субъектілердің қызметкерлерінде наркологиялық және жүйке аурулары диспансерлерінен нашақорлық, уытқұмарлық және алкоголизм ауруларының жоқ екені туралы анықтамаларының жоқ болуы;
      4) субъектінің есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорларының айналымы туралы тоқсандық есептерді уақтылы ұсынбауы.
      Елеусіз дәрежедегі тәуекел тобына кіретін реттелетін субъектілер бір елеулі не екі елеусіз заң бұзушылыққа жол берген жағдайда орта дәрежедегі тәуекел тобына ауыстырылады.
      Орта дәрежедегі тәуекел тобына кіретін реттелетін субъектілер бір елеулі не екі елеусіз заң бұзушылыққа жол берген жағдайда жоғары дәрежедегі тәуекел тобына ауыстырылады.
      Жоспардан тыс тексеру кезінде реттелетін субъектіден заң бұзушылықтар анықталған жағдайда ол заң бұзушылықтың сипатына қарамастан, тәуекел дәрежесінің келесі тобына ауыстырылады.
      Жоспардан тыс тексеру кезінде реттелетін субъектіден заң бұзушылықтар анықталмаған жағдайда басынан бастап жоғары дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған заңды тұлғаларды (есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өндірушілерді және/немесе көтерме сатушыларды) қоспағанда, ол тәуекел дәрежесі кем топқа ауыстырылады.
      7. Орта және елеусіз дәрежедегі тәуекелдер топтарына жатқызылған реттелетін субъектілер соңғы тексеру күні ескерілген тексеру жоспарына енгізіледі.
      8. Бір дәрежедегі тәуекел объектілерінде тексеруді басымды жоспарлау үшін негіздер:
      1) бұрын анықталған елеулі заң бұзушылықтар;
      2) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлары айналымының көлемі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады