Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-IV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 250/38-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 19 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 593 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 416/54-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.12.13 N 416/54-IV шешімімен

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңды, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның 8-бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-IV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 5 қарашада N 476 болып тіркелген, 2007 жылғы 8 қарашада N 183, 2007 жылғы 10 қарашада N 184 "Астана хабары", 2007 жылғы 6 қарашада N 177, 2007 жылғы 10 қарашада N 179 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 51/8-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-IV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 3 наурызда N 492 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 наурызда N 32-33, 2008 жылғы 13 наурызда N 34 "Астана хабары", 2008 жылғы 8 наурызда N 27 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 79/14-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-IV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 16 мамырда N 535 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 мамырда N 63 "Астана хабары", 2008 жылғы 20 мамырда N 58 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 31 наурыздағы N 198/31-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-IV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 29 сәуірде N 573 болып тіркелген, 2009 жылғы 5 мамырда N 48 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 5 мамырда N 52 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларында:
      2-тармақтағы:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақшадағы "мүшелеріне" деген сөз "санынан, 18 жасқа дейінгі балаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Келесі мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген бірнеше санатқа жататын тұлғаларға Әлеуметтік көмек тек бір негіздеме бойынша төленеді.";
      4-тармақтағы "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім, 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енетін 2-тармақтың 1) тармақшасына енгізілген өзгерістерді алмағанда, оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                       Н. Мещеряков

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады