Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 246/47-ІІ "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 251/38-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 22 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 595 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 387/51-IV Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.09.22 N 387/51-IV Шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатыныстары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңның 97-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 қаулысын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 246/47-ІІ "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 30 шілдеде N 283 болып тіркелген, 2003 жылғы 6 тамызда N 106 "Астана ақшамы" газетінде жарияланған), 2005 жылғы 17 ақпанда N 119/16-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 246/47-ІІ "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 30 шілдеде N 283 болып тіркелген)", (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 14 наурызда N 379 болып тіркелген, 2005 жылғы 26 наурызда N 40-41 "Астана хабары", 2005 жылғы 29 наурызда N 46 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2007 жылғы 12 шілдеде N 398/50-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 04 шілдедегі N 246/47-ІІ "Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 30 шілдеде N 475 болып тіркелген, 2007 жылғы 4 тамызда N 131-132 "Астана хабары", 2007 жылғы 4 тамызда N 132-133 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "тұрғын үй жәрдемақысын" деген сөз "тұрғын үй көмегін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      кіріспедегі "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949" деген сөздер мен сандар "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтем-ақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512" деген сөздер мен сандармен ауыстырылсын;
      осы шешіммен бекітілген Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша "тұрғын үй жәрдемақысын", "Тұрғын үй жәрдемақысы", "Тұрғын үй жәрдемақысының", "Тұрғын үй жәрдемақысын", "тұрғын үй жәрдемақысы", "тұрғын үй жәрдемақысының" деген сөздер "тұрғын үй көмегін", "Тұрғын үй көмегі", "Тұрғын үй көмегінің", "Тұрғын үй көмегін", "тұрғын үй көмегі", "тұрғын үй көмегінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кіріспедегі "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949" деген сөздер мен сандар "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512" деген сөздер мен сандармен ауыстырылсын;
      барлық мәтін бойынша "департаменті", "Департамент", "Департаментке", "Департаментте", "департаментіне", "Департаменттің", "Департаментіне" деген сөздер "басқармасы", "Басқарма", "Басқармаға", "Басқармада", "басқармасына", "Басқарманың", "Басқармасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы "жәрдемақыға құқық" деген сөздер "көмекке құқық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Ережеге 2-қосымшада:
      тақырыбындағы "Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті" деген сөздер "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Тұрғын үй жәрдемақысын", "тұрғын үй жәрдемақысы" деген сөздер тиісінше "Тұрғын үй көмегін", "тұрғын үй көмегі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                       Н. Мещеряков

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 18 қыркүйектегі
N 251/38-ІV шешіміне  
қосымша         

Астана қаласында тұрғын үйді
ұстауға, тұтынылған коммуналдық
қызметтерге және байланыс 
қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын
үй жәрдемақысын беру ережесіне
1-қосымша       

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы
Өтініш

      Мен ___________________________________________________________
                           (аты-жөні, туған жылы)
үй меншігінің иесімен (жалдаушы), жеке куәлігінің N ________________,
__________________________берген, СТН ______________________________.
Менің ________ адамнан, мына мекен-жай тұратын отбасыма Астана қаласы
_______________________________________ тұрғын үйді ұстауға,
тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы
төлеуге тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.

N Р/н

Арызданушының отбасы мүшелерінің Т.Ә.А.

Туған жылы

Туыстық қарым-қатынастары

Әлеуметтік мәртебесі

1

2

3

4

5

      Өтінішке __________ дана санында құжаттарды қоса ұсынамын. Жеке
шоттың N _______________________, банктің атауы ____________________.
      Өзгерістер туындаған жағдайда, ол жөнінде 10 күн ішінде
хабарлауға міндеттенемін.
      Мен тұрғын үй көмегі бөлімін өз соңынан заңсыз немесе жоғары
өтемақы тағайындауды әкелген жалған мәліметтер берілгенде, бір жыл
ішінде көмек алу құқығынан айырылатынымды, ал тұрғын үй көмегі
түрінде заңсыз алынған сомаларды заңда белгіленген тәртіпте қайтару
керектігін білемін.
      Ұсынылған құжаттардың растығына жауапкершілік жөніндегі
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 177-бабының 1-тармағымен,
325-бабының 3-тармағымен таныстым.

      "___" ___________ 200__ ж. арызданушының қолы
      _________________
      Құжаттарды _________________________________________ қабылдады.
            (құжаттарды қабылданған адамның Т.Ә.А., лауазымы)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                              қию сызығы

      Азамат ____________________________ тұрғын үй көмегін
тағайындау үшін өтінішпен бірге __________ п. құжаттарды қоса
ұсынады.
"___" ____________________ 200__ ж.
______________________________________
(құжатты қабылдаған адамның Т.Ә.А.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады