Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 246/47-ІІ «Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы N 278/41-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 30 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 609 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 387/51-IV Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.09.22 N 387/51-IV Шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 6-бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 246/47-ІІ «Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 30 шілдеде № 283 болып тіркелген, 2003 жылғы 6 тамызда № 106 «Астана ақшамы» газетінде жарияланған), 2005 жылғы 17 ақпанда № 119/16-ІІІ «Астана  қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 246/47-ІІ «Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 30 шілдеде № 283 болып тіркелген)» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 14 наурызда № 379 болып тіркелген, 2005 жылғы 26 наурызда № 40-41 «Астана хабары», 2005 жылғы 29 наурызда № 46 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған), 2007 жылғы 12 шілдеде № 398/50-ІІІ «Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 04 шілдедегі № 246/47-ІІ «Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 30 шілдеде № 475 болып тіркелген, 2007 жылғы 4 тамызда № 131-132 «Астана хабары», 2007 жылғы 4 тамызда № 132-133 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 28 мамырдағы № 226/35-ІV «Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 11 маусымда № 582 болып тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда № 65 «Астана хабары», 2009 жылғы 16 маусымда № 71 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 251/38-ІV «Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 04 шілдедегі № 246/47-ІІ «Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру ережесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 22 қазанда № 595 болып тіркелген, 2009 жылғы 27 қазанда № 128 «Вечерняя Астана», 2009 жылғы 27 қазанда № 120 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      осы шешіммен бекітілген, Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру Ережесінде:
      4-тармақтағы «алу құқығынан» деген сөздер «алу мүмкіндігінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы «Тұрғын үй көмегін алу құқығы жоқ» деген сөздер «Тұрғын үй көмегін ресімдей алмайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органымен берілген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың болмауы (болуы) туралы анықтама;»;
      12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «12. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде қандай да болсын тұрғын үй меншік нысаны, отбасы құрамы мен оның жиынтық табысы туралы өзгерістерді, ал жұмыссыздар мәртебесінің өзгеруі туралы хабарлайды.».
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                         А. Бұлашев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады