Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 қарашадағы № 4С-13/4 "Азаматтардың мұқтаж жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 маусымдағы № 4С-22/4 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 шілдеде № 1-2-116 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 маусымдағы № 4С-32/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2010.06.29 № 4С-32/5 (қолданысқа енгізу тәртібін  6-тармақтан қараңыз) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 11), 14) тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 6 және 9 баптарына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Степногорск қалалық мәслихатының «Азаматтардың мұқтаж жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 20 қарашадағы № 4С-13/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-98 тіркелген, 2009 жылғы 16 қаңтардағы «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газетінде жарияланған), келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      аталмыш шешіммен бекітілген «Азаматтардың мұқтаж жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесіндегі»:
      1) «Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексіне» деген сөздерді «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) «басқару» деген сөзінен кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) «Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» сөздермен толықтыру;
      4) келесі мазмұндағы 17-1 тармағымен толықтырылсын:
      «17-1. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына ЗТМО тізімінің негізінде коммуналдық қызмет төлемі шығындарының өтемі үшін 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде ай сайын қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі».
      2. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Е. Тарасова

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ғ. Көпеева

      КЕЛІСІЛДІ:

      Степногорск қаласының
      әкімі                                      А. Никишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады