РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Минск, Степногорск селоларының Сілеті станциясының халық пікірін ескере отырып Минск селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Минск, Степногорск селоларының және Сілеті Станциясының көшелері қайта аталсын.
Минск селосы
«С.Сейфуллина» көшесін – «Жасыл» көшесіне;
«Школьная» көшесін – «Ыбрай Алтынсарин» атындағы көшесіне;
«Кирова» көшесін – «Әліби Жангельдин» атындағы көшесіне;
«Гагарина» көшесін – «Токтар Әубәкіров» атындағы көшесіне;
«Новая» көшесін – «Бәйтерек» көшесіне;
«Пятилетка» көшесін – «Тәуелсіздік» көшесіне;
«Лесная» көшесін – «Сағадат Нұрмағамбетов» атындағы көшесіне;
«Абая» көшесін – «Жеңіс» көшесіне;
«Октябрьская» көшесін – «Достық» көшесіне;
«Метереологическая» көшесін – «Бейбітшілік» көшесіне;
«Почтовая» көшесін – «Тың игерушілер» көшесіне;
Степногорск селосы
«Новая» көшесін – «Жаңа өмір» көшесіне;
«Школьная» көшесін – «Ыбрай Алтынсарин» атындағы көшесіне;
«Валиханова» көшесін – «Жеңіс» көшесіне;
«Степная» көшесін – «Атамекен» көшесіне;
«Интернациональная» көшесін – «Достық» көшесіне;
«Абая» көшесін – «Бейбітшілік» көшесіне;
«Октябръская» көшесін – «Желтоқсан» көшесіне;
«Лесная» көшесін – «Сары-Арқа» көшесіне
Сілеті станциясы
«Станционная» көшесін – «Жолаушылар» көшесіне;
2. Минск селолық округі әкімінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 6 «Ақкөл ауданының Минск, Степногорск селолары, Сілеті станциясы көшелеріне атау беру туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу жөніндегі № 1-3-115 Тізілімдемесінде тіркелген және 2009 жылғы 28 тамызда Аудандық «Ақкөл өмірі» № 35/174 және «Знамя Родины KZ» № 35/133 газеттерінде жарияланған, шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақкөл ауданының әділет баскармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Минск селолық
округінің әкімі Т.Жүнісов
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақкөл ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттікк мекемесінің бастығы Б.Әкімова