Аршалы ауданында 2009 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі № А-224 қаулысы. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 сәуірде № 1-4-134 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № А-16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2010.01.22 № А-16 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзің – өзі басқару туралы»«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және 2001 жылдың 19 маусымындағы № 836 Үкімет қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін, кәсіпорындар мен ұйымдардың қосымша тізбесі бекітілсін.
      2. 2009 жылы «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Аршалы кентінде және ауылдық, селолық округтердің кәсіпорындарында жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
      3. Ақылы қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбекақыларын төлеу нақты орындалған жұмыстары үшін 2009 жылда белгіленген, айлық ең төменгі еңбекақы мөлшерінен кем болмауы және жергілікті бюджет есебінен төленсін.
      4. «Аудандық қаржы бөлімі» мемлекетті мекемесі қоғамдық жұмыстарды 2009 жылға аудан бюджетінде осы мақсатта қарастырылған қаржы көлемінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданының әкімі орынбасары Талғат Жаңабергенұлы Мәмбетовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне және ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енеді.

      Аршалы ауданының
      әкімі                                      Е. Маржықпаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Аршалы ауданының жұмыспен
      камту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Сыздықова Б.

      Аршалы ауданы бойынша Есіл
      департаменті ҚОҚ бас маманы                Темербеков С.

      «Аршалы ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы майор                              Нүркеев Р.

      «Аршалы ауданының қаржы
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Е. Андрух

      Ақмола облысы Аршалы
      ауданының Әділет
      басқармасының бастығы                      Оспанова К.

      Ақмола облысы Аршалы аудандық
      сотының төрағасы                           Әміров М.

      Ақмола облысы Аршалы ауданының
      ішкі істер бөлімінің бастығы
      полиция подполковнигі                      Мұқанов Е.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады