Атбасар ауданында белгіленген салықтың базалық ставкасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 4С 15/5 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 ақпанда № 1-5-109 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 5С 16/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 26.06.2013 № 5С 16/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексіне сәйкес, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Айына салық салу бірлігіне Атбасар ауданында белігіленген салықтың базалық ставкасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. 2004 жылғы 10 шілдедегі Атбасар аудандық мәслихатының «Кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлері үшін белгіленген жинақтық салық ставкаларын бекіту туралы» № С 12/3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық тізілімінде № 2687 тіркелген, 2005 жылғы 13 тамызда «Простор» № 65 газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап және оны бірінші ресми жарияланғаннан соң күн тізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Б.Ахметов

      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.А.Борұмбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Атбасар ауданының
      әкімі                                      Р.Ш.Әубәкіров

      Атбасар ауданы бойынша
      салық басқармасының
      бастығы                                    К.Н.Садыков

Атбасар аудандық
мәслихатының 2009
жылғы 30 қаңтарындағы
№ 4С 15/5 шешіміне
қосымша

Бір айға салық салу бірлігіне
Атбасар ауданында белгіленген салықтың базалық ставкасы

р/с

Салық салу объектісінің атауы

Белгіленген салықтың базалық ставкасының көлемі айлық есептік көрсеткішінде)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізу үшін  арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

2.

Бір ойыншыдан артық ойыншы қатысумен ойын өткізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолдары

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады