Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 4С4/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 4С17/5 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 мамырда № 1-5-116 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012.06.27 № 5С 7/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Атбасар аудандық мәслихат шешім етті:
      1. Атбасар аудандық мәслихатының «Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С4/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-89 тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпанда «Атбасар» № 5, «Простор» № 5 газеттерінде жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
      2 тармақта «2002 жылғы 17 мамырдағы «Қалада және ауданда қауқарсыз отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй мен коммуналдық қызметке төлем көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы» № С 19/7 шешімі (Ақмола облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 30 мамырда № 1136 тіркелген, 2003 жылғы 17 қаңтарда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын» сөздері мен сандары келесі мазмұндағы сөздермен және сандармен ауыстырылсын «Қалада және ауданда қауқарсыз отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй мен коммуналдық қызметке төлем көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы» 2002 жылғы 17 мамырдағы № С 19/7 шешімі ((нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1136 тіркелген 2002 жылғы 30 мамырда «Атбасар» 15 газетінде, 2003 жылғы 17 қаңтарда «Простор» 2 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын».
      2. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап және оны бірінші ресми жариялағаннан соң күн тізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.М.Ивашин

      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.А.Борұмбаев

      Келісілді:

      Атбасар ауданының
      әкімі                                      Р.Ш.Әубәкіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады