"Салық салу мақсатында жерлерді аймақтарға бөлу схемасын және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен ауылдық елді мекендер жерлерінің базалық жер салығы мөлшерлемесіне түзету коэффиценттерін бекіту туралы" Бұланды аудандық мәслихатының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 3С-4/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 4С-16/5 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 мамырда № 1-7-80 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 5С-14/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 25.02.2013 № 5С-14/4 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Салық салу мақсатында жерлерді аймақтарға бөлу схемасын және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен ауылдық елді мекендер жерлерінің базалық жер салығы мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Бұланды аудандық мәслихатының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 3С-4/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2252 тіркелген, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 8 санында жарияланған, кейін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-7-20 тіркелген, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 3 санында жарияланған, «Салық салу мақсатында жерлерді аймақтарға бөлу және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен ауылдық елді мекендер жерлерінің базалық жер салығы мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 3С-4/5 шешімге өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 3С-24/3 шешімімен өзгерістер енгізілген) мына өзгерістер енгізілсін:
      кіріспеде Қазақстан Республикасының 12.06.2001 жылдағы № 209-ІІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 338-бабы 1-тармағына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) 387-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Шешім аудандық газетте ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 16-сессияның
      төрайымы                                   Қ.Тәшімова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    П.Веселов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бұланды ауданының
      әкімі                                      Е.Нұғыманов

      «Бұланды ауданы бойынша
      салық басқармасы» ММ
      бастығы                                    О.Әбілдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады