Айнакөл ауылының, Острогорка селосының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы Айнакөл ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 2 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 қазанда № 1-7-93 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Айнакөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Айнакөл ауылының, Острогорка селосының көшелеріне атаулар берілсін.
      Айнакөл ауылында:
      № 1 көшеге - Достық атауы;
      № 2 көшеге - Жастар атауы;
      № 3 көшеге - Бейбітшілік атауы;
      № 4 көшеге - Жеңіс атауы.
      Острогорка селосында:
      № 1 көшеге - Степная атауы;
      № 2 көшеге - Школьная атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Айнакөл ауылдық
      округінің әкімі                            А.Р.Тайтлеуова

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бұланды ауданының
      «Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Р.Қ.Әбділдина

      «Бұланды ауданының
      Мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    С.Е.Аймағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады