Қазақстанның 30 жылдығы ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық әкімінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі № 10 шешімі. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 қазанда 1-8-87 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қазақстанның 30 жылдығы ауылындағы көшелер атаулары:
      Школьная көшесі – Ыбырай Алтынсарин көшесі,
      Степная көшесі – Кенесары көшесі,
      Новая көшесі – Абай көшесі деп өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауылдық
      округінің әкімі                            А.Ғаббасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Егіндікөл ауданының
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    М.Е.Сексенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады