Ерейментау ауданы Күншалған селолық округінің Күншалған селосының көше атауын өзгерту және Қаратал, Шакей селоларының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Күншалған селолық округі әкімінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 7 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 желтоқсанда № 1-9-135 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Күншалған, Шакей және Қаратал селоларының тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Күншалған ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қаратал селосының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшеге Бейбітшілік атауы берілсін;
      № 2 көшеге Достық атауы берілсін;
      № 3 көшеге Тәуелсіздік атауы берілсін;
      2. Шакей селосының көшесіне атау берілсін:
      № 1 көшеге Жаңатұрмыс атауы берілсін;
      3. Күншалған селосында көше атауы өзгертілсін:
      Октябрьға 50 жыл көшесі Иллиадор Поморцев атындағы көшесіне.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауға өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Күншалған селолық
      округ әкімі                                Е.Ж.Нуралин

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ерейментау ауданының мәдениет
      және тілдер дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М.Б.Әдірешев

      «Ерейментау ауданының сәулет
      және қалақұрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.К.Бәтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады