Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Тайбай ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Малтабар ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 көшесі Мәмбеталин Кәрібай атындағы;
№ 2 көшесі Қамысбаев Құсайын атындағы;
№ 3 көшесі Бөгенбай батыр атындағы;
№ 4 көшесі Хамзин Елемес атындағы.
2. Ельтай ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 көшеге Ардагерлер атауы берілсін;
№ 2 көшеге Достық атауы берілсін.
3. Жарық ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 көшеге Ынтымақ атауы берілсін;
№ 2 көшеге Бейбітшілік атауы берілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тайбай ауылдық
округ әкімі Г.Б.Уажанова
КЕЛІСІЛДІ:
«Ерейментау ауданының мәдениет
және тілдер дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б.Әдірешев
«Ерейментау ауданының сәулет
және қалақұрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.К.Бәтенов