Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және 2009 жылғы 04 мамырдағы Заурал ауылы тұрғындары жиынының № 09 хаттамасын, 2009 жылғы 06 мамырдағы Құдықағаш ауылы тұрғындары жиынының № 11 хаттамасын, 2009 жылғы 04 мамырдағы Яблоновка ауылы түрғындары жиынының № 10 хаттамасын есепке ала отырып, Заурал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Заурал, Құдықағаш, Яблоновка ауылдарының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Заурал ауылында № 1 көшесіне - «Бәйтерек» атауы, № 2 көшесіне - «Тәуелсіздік» атауы, № 3 көшесіне – «Болашақ» атауы, № 4 көшесіне - «Сары-арқа» атауы;
2) Құдықағаш ауылында № 1 көшесіне - «Алға» атауы, № 2 көшесіне – «Болашақ» атауы;
3) Яблоновка ауылында № 1 көшесіне - «Аталық» атауы, № 2 көшесіне - «Тәуелсіздік» атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Заурал ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы О. Ахметова
КЕЛІСІЛДІ:
Еңбекшілдер ауданының
«Сәулет және қала
құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Қ. Ахметова
Еңбекшілдер ауданының
«Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Г.Т. Жақыпова