Жарқайың ауданы Державин қаласы Степной кентінің аймағында шек қою іс-шараларын орнату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 қыркүйектегі № А-9/361 қаулысы. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қазанда 1-12-115 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № А-12/446 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2009.12.21 № А-12/446 қаулысымен

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабына, 2009 жылғы 22 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік Комитеті Жарқайың аудандық аймақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы ұсынысының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Малдардың жұқпалы ауруларының пайда болуына байланысты (құтыру) Жарқайың ауданы Державин қаласы Степной кентінің аймағында шек қою іс-шаралары орнатылсын.
      2. Осы қаулының күші 2009 жылдың 19 қыркүйегінен бастап шыққан құқық қатынастарына таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Жүнісовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының
      әкімі                                      А.Қалжанов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      «Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
      мемлекеттік комитеті
      Жарқайың аудандық
      аймақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Д.А.Ерғалиев

      «Ақмола облысы
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының Жарқайың
      ауданы бойынша бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    М.С.Жақсыбаев

      Акмола облысы
      Денсаулық сақтау басқармасының
      «Жарқайың орталық
      аудандық ауруханасы»
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорынының
      бас дәрігері                               Б.С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады