Ортақ селосының, Қызылтаң селосының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Ортақ селолық округі әкімінің 2009 жылғы 7 тамыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 қыркүйекте № 1-14-103 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Ортақ селосы және Қызылтаң селосы халқының пікірін ескере отырып, Ортақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ортақ селосының, Қызылтаң селосының көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Ортақ селосы:
      № 1 көшеге – Ардагерлер атауы;
      № 2 көшеге - Орталық атауы;
      № 3 көшеге – Батыр атауы;
      № 4 көшеге – Мектеп атауы;
      № 5 көшеге - Жаңа атауы;
      2) Қызылтаң селосы:
      № 1 көшеге – Білім атауы;
      № 2 көшеге – Тәуелсіздік атауы;
      № 3 көшеге – Жастар атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Ж.Әбдіқапаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Зеренді ауданының
      «Сәулет және
      қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    В.М.Петрова

      Зеренді ауданының
      «Мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ә.М.Райымбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады