Жылымды ауылының, Қарлыкөл ауылының, Жанааул ауылының, Қарағай станциясының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Зеренді ауданы Бұлақ селолық округі әкімінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қыркүйекте № 1-14-114 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" сөздері "ауылының", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды – Ақмола облысы Зеренді ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 02.05.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Жылымды ауылы, Қарлыкөл ауылы, Жанаауыл ауылы, Қарағай станциясы халқының пікірін ескере отырып, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Зеренді ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 02.05.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Жылымды ауылы, Қарлыкөл ауылы, Жаңаауыл ауылы, Қарағай станциясынның көшелеріне атаулар берілсін:

      1) Жылымды ауылы:

      № 1 көшеге – Шолақ атауы;

      № 2 көшеге - Мектеп атауы;

      № 3 көшеге – Шеткі атауы;

      2) Қарлыкөл ауылы:

      № 1 көшеге – Мектеп атауы;

      № 2 көшеге – Геолог атауы;

      № 3 көшеге – Бәйтерек атауы;

      № 4 көшеге – Бейбітшілік атауы;

      3) Жаңаауыл ауылы:

      № 1 көшеге – Қаратал атауы;

      № 2 көшеге – Бейбітшілік атауы;

      № 3 көшеге – Бірлік атауы;

      № 4 көшеге – Достық атауы;

      № 5 көшеге – Жайлау атауы;

      4) Қарағай станциясы:

      № 1 көшеге – Станционная атауы;

      № 2 көшеге – Элеватор атауы.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім О Бекішев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Зеренді ауданы
"Сәулет және қала
құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
В.М.Петрова
      Зеренді ауданы
"Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Ә.М.Райымбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады