Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 2 "Жылымды селосының, Қарлыкөл селосының, Жанааул селосының, Қарағай станциясының көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 мамырда № 5970 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұлақ ауылдық округі әкімінің "Жылымды селосының, Қарлыкөл селосының, Жанааул селосының, Қарағай станциясының көшелеріне атаулар беру туралы" 2009 жылғы 6 тамыздағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-114 болып тіркелген, "Бірлік-Единство" газетінде 2009 жылдың 22 қыркүйегінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Жылымды ауылы, Қарлыкөл ауылы, Жанаауыл ауылы, Қарағай станциясы халқының пікірін ескере отырып, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" сөздері "ауылының", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұлақ ауылдық округінің әкімі О.Бекішев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының
"Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Балтағарин

      2017 жылғы "02" 05

      Зеренді ауданының
"Сәулет, қала құрылысы

және құрылыс бөлімі"

мемлекеттік мекемесінің

басшысы
Е.Шәкіржанов

      2017 жылғы "02" 05

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады