Үлгілі ауылының, Өндіріс ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Зеренді ауданы Бәйтерек селолық округі әкімінің 2009 жылғы 19 тамыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 қыркүйекте № 1-14-119 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" сөздері "ауылының", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің 16.03.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Үлгілі ауылы, Өндіріс ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Зеренді ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің 16.03.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Үлгілі ауылы, Өндіріс ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Үлгілі ауылы:
      № 1 көшеге - Өзекті атауы;
      № 2 көшеге - Жыланды атауы;
      № 3 көшеге - Үлгілі атауы;
      № 4 көшеге - Білім атауы;
      № 5 көшеге – Шиелі атауы;
      № 6 көшеге – Қарағай атауы;
      2) Өндіріс ауылы:
      № 1 көшеге – Орталық атауы;
      № 2 көшеге – Өндіріс атауы;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Б.Әубәкіров

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зеренді ауданының "Сәулет және
қалақұрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
В.М.Петрова

      2009 жылғы "19" тамыз
      Зеренді ауданының "Мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Ә.М.Райымбекова

      2009 жылғы "19" тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады