Бәйтерек ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 19 тамыздағы № 2 "Үлгілі селосының, Өндіріс селосының көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 сәуірде № 5880 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бәйтерек ауылдық округі әкімінің "Үлгілі селосының, Өндіріс селосының көшелеріне атаулар беру туралы" 2009 жылғы 19 тамыздағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердімемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-119 болып тіркелген, "Бірлік-Единство" газетінде 2009 жылдың 28 қыркүйегінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Үлгілі ауылы, Өндіріс ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" сөздері "ауылының", "ауылы"сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бәйтерек ауылдық
округінің әкімі
Қ.Серікбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зеренді ауданының
"Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
А.Балтағарин

      2017 жылғы "16" 03
      Зеренді ауданының
"Сәулет қала құрылысы
және құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Е.Шәкіржанов

      2017 жылғы "16" 03

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады