Қанай би селосының, Игілік селосының, Жамантұз селосының, Октябрь селосының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Қанай би атындағы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 20 тамыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 қыркүйекте № 1-14-118 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қанай би селосы, Игілік селосы, Жамантұз селосы, Октябрь селосы халқының пікірін ескере отырып, Қанай би атындағы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қанай би селосының, Игілік селосының, Жамантұз селосының, Октябрь селосының көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Қанай би селосы:
      № 1 көшеге - Қанай би атындағы атау;
      № 2 көшеге - Қарабұлақ атауы;
      № 3 көшеге - Даулет атауы;
      № 4 көшеге - Ақтөбе атауы;
      2) Игілік селосы:
      № 1 көшеге – Қанай би атындағы атау;
      № 2 көшеге – Қарағаш атауы;
      № 3 көшеге – Беріктас атауы;
      № 4 көшеге – Жастар атауы.
      3) Жамантұз селосы:
      № 1 көшеге – Қанай би атындағы атау;
      № 2 көшеге – Жастар атауы.
      4) Октябрь селосы:
      № 1 көшеге – Желтау атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       А.Есімов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Зеренді ауданының
      «Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    В.М.Петрова

      Зеренді ауданының
      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ә.М.Райымбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады