Ағанас селосының көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық аймағы әкімінің 2009 жылғы 17 тамыздағы № 4 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 қыркүйекте № 1-17-111 тіркелді

       «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Ағанас селосының тұрғындар жиналыстарының 2009 жылдың 1 маусымындағы № 7 хаттамасын есепке ала отырып, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық аймағының әкімі ШЕШТІ:
      1. Ағанас селолсының № 1 көшесіне «Ынтымақ» атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рахымжан Қошқарбаев
      ауыл аймағы әкімінің
      міндетін атқарушы                          А.Кнабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Целиноград ауданының
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ш.Өтегенова

      «Целиноград ауданының
      сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.Сағымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады