Тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 маусымдағы № С-16/4 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 маусымда № 1-18-72 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № С-45/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2011.12.12 № С-45/5 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 422 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы негізінде аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің барлығына айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу:
      1) бір ойыншымен ойынды өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары – бір айлық есептік көрсеткіш;
      2) ойынды өткізуге пайдаланылатын дербес компьютер – бір айлық есептік көрсеткіш.
      2. Шортанды аудандық мәслихатының 2004 жылдың 23 желтоқсанындағы № С-10/3 «Тіркелген жиынтық салықтың мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2987 тіркелді, 2005 жылдың 29 қаңтарында № 4 «Вести» газетінде жарияланды)  шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Бұл шешім мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне еніп, оның бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң әрекетке енгізіледі.

      Аудандық маслихаттың
      сессия төрайымы                            А.Коровина

      Аудандық маслихаттың
      хатшысы                                    Г.Скирда

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудан әкімі                                С.Қамзебаев

      Шортанды ауданы бойынша
      Салық басқармасының
      бастығы                                    Б. Молдахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады