Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген салық ставкалары мөлшерлеріне бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Щучье аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С-11/2 шешімі. Ақмола облысы Щучье ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 наурызда № 1-19-148 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 2 шілдедегі № 5С-17/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 02.07.2013 № 5С-17/4 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 420421422 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Щучье аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Щучье ауданының базарларында сату бойынша (базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда) бір жолғы талондардың құны осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Щучье ауданы бойынша эпизодтық түрдегі қызмет көрсететін жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құны осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. Щучье ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген салық ставкалары осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      4. Щучье аудандық мәслихаттың: 2007 жылғы 22 қазандағы № С-3/4 «Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық ставкалары мөлшерлерін бекіту туралы» (Аймақтық Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген 1-19-122, 2007 жылғы 23 қазан, аудандық «Бурабай» газетінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 51, аудандық «Луч» газетінің 2007 жылғы 15 қарашадағы № 92 сандарында жарияланған) және 2008 жылғы 3 шілдедегі № С-7/4 «Щучье аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 22 қазандағы № С-3/4 «Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық ставкалары мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Аймақтық Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген 1-19-135, 2008 жылғы 18 тамыз, аудандық «Бурабай» газетінің 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № 39, аудандық «Луч» газетінің 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № 71 сандарында жарияланған) шешімдері өз күшін жойды деп танылсын.
      5. Осы шешiм Ақмола облысының Щучье аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XI (кезектен тыс)
      сессиясының төрағасы                       П.Проскурин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Г.Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Щучье ауданының
      әкімі                                      В.Балахонцев

      Щучье ауданы бойынша
      салық басқармасының
      төрағасы                                   Е.С.Әбдуалиев

      Щучье ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің бастығы                Г.Тінәлинова

      Қаржы бөлімінің бастығы                    В.И.Корнеева

      Бір жолғы талондар беру
      бөлімінің бастығы                          Ш.Ж.Ибраев

Щучье аудандық маслихаттың
2009 жылғы 30 қаңтардағы
№ С-11/2 шешіміне
1 қосымша

Щучье ауданының базарларында сату бойынша (базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда) бір жолғы талондардың құны

Р/б

Қызмет түрі (өткізу) бойынша тауарлар, жұмыстар қызмет көрсетулердің атаулары

Бір күнге арналған талон құны (тг.)

1

Ет

220

2

Балық

220

3

Сүт тағамдары

110

4

Жеміс, көкөністер

220

5

Кондитерлік бұйымдар

200

6

Азық-түлік тағамдары

170

7

Бас киімдер;
А) тері бұйымдар
Б) былғары және жасанды бұйымдар

300
200

8

Тері-жүн бұйымдар

300

9

Киім

200

10

Аяқ-киім

220

11

Құрылыс материалдары

220

12

Жуу құралдары

190

13

Шаруашылық тауарлары

200

14

Шұлық бұйымдары

150

15

Парфюмериялық-галантериялық тауарлар

170

16

Балалар ойыншықтары

160

17

Қосалқы бөлшектер

270

18

Пайдалануда болған қосалқы бөлшектер

200

19

Кеңсе заттары

190

20

Электр-тұрмыстық құралдар

240

21

Көліктерден сату (көкөністер мен жемістер)

350

22

Жоғарыда аталған қызметтер түрлеріне қосылмаған халық тұтыну тауарларын көліктен сату

370

23

Жиһаз

280

Щучье аудандық маслихаттың
2009 жылғы 30 қаңтардағы
№ С-11/2 шешіміне
2 қосымша

Щучье ауданы бойынша эпизодтық түрдегі қызмет көрсететін жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құны

Р/б №

Қызмет түрлерінің атаулары

Бір күнге арналған талон құны (тг.)

1

Өткізу (стационарлық орындарда жүзеге асырылатын қызмет түрлерінен тыс)



1) газет, журналдар

160

2) тұқым, сонымен қатар егіс материалдары (тікпе көшеттер)

170

3) бақша мен үй алды учаскесінде өсірілген гүлдер

200

4) көмекші ауыл шаруашылығы, мал мен құс, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері

140

5) үй жануарлары мен құстар

120

6) сыпырғыштар, орман жидегі, бал, саңырауқұлақ пен балықтар

120

2

Жеке трактор иелерінің жер участкелерін өңдеу бойынша қызметтері

220

3

Үй құстары мен жануарларын бағу

100

Щучье аудандық маслихаттың
2009 жылғы 30 қаңтардағы
№ С-11/2 шешіміне
3 қосымша

Щучье ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген салық ставкалары

      Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін тіркелген салық мөлшері «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, салық салу бірлігіне, айына айлық есептік көрсеткішке еселі мөлшерде белгіленсін.
      1. Бір адам ойнайтын, ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы үшін айына – 8 айлық есептік көрсеткіш.
      2. Бір адамнан артық ойыншымен ойын өткізу үшін пайдаланылатын ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы үшін айына – 10 айлық есептік көрсеткіш.
      3. Ойын жүргізуге арналған дербес компьютерлер үшін айына – 3 айлық есептік көрсеткіш.
      4. Ойын жолағы үшін айына – 20 айлық есептік көрсеткіш.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Щучье ауданы мәслихатының 2009.07.29 № С-17/1 шешімімен
      5. Карт үшін айына – 10 айлық есептік көрсеткіш.
      6. Бильярд үстелі үшін айына – 6 айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады