Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011.10.21 № С-38/3 шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына сәйкес, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысына, «Тұрғын ғимараттар» Қазақстан Республикасының № 3.02-01-2001 Құрылыстық нормалары және ережелеріне сәйкес Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Щучье аудандық мәслихатының «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 3 шілдедегі № С-7/7 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1-19-130, 2008 жылғы 28 тамыздағы № 38 аудандық «Бурабай» газетінде, 2008 жылғы 25 тамыздағы № 68 аудандық «Луч», газетінде жарияланған) шешіміне Щучье аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № С-10/4 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1-19-144, 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 5 аудандық «Бурабай» газетінде, 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 8 аудандық «Луч», газетінде жарияланған) шешімімен енгізілген өзгерістері мен толықтырумен бірге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе сөзбасындағы Қазақстан Республикасының № 3.02-01-2001 «Тұрғын ғимараттар» Құрылыстық нормалары және ережелеріне» сөздерінен кейін «Ақмола облысының әкімдігінің 2008 жылғы 21 тамыздағы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің стандарты» сөздерімен толықтырылсын;
1, 4, 36 тармақтарындағы «қалалық» сөзі алып тасталсын;
2 тармақтағы «аз қамсыздандырылған» сөздерінен кейін «жан басына шаққандағы орташа табыс кедейшілік шегінен төмен, көп балалы (18 жасқа дейінгі төрт баласы бар)» сөздерімен толықтырылсын, «отбасыларға (азаматтарға)» сөздерінен кейін «жалғыз басты зейнеткерлерге және мүгедектерге» сөздерімен толықтырылсын;
7 тармағы келесі редакцияда берілсін:
«1 адамға жұмсалатын қызмет нормалары: электрқуатымен жабдықтау – айына 150 кВт; газбен жабдықтау – айына 8 кг. Коммуналдық қызметтерді тұтыну нақты пайдаланылған қызметтерден шыға отырып есептеледі, бірақ белгіленген нормалардан аспауға тиіс;
9 тармақ келесі редакцияда берілсін: «Коммуналдық қызметтерді есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеулерге қосылатын шығындар өткен тоқсандағы нақты шығындар бойынша есептеледі;
11 тармақтағы «бір тоқсанға» сөздері «өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға» сөздеріне ауыстырылсын;
12 тармағы келесі редакцияда берілсін: «Ауылды жерде тұратын тұлғалардан тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжатын қабылдауды жергілікті әкім аппаратының маманы жүргізеді. Құжаттар қабылданғаннан кейін он календарлық күн ішінде, реестрге сәйкес, маман, құжаттарды есеп жасау үшін «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырады;
15 тармақ 3 тармақшамен толықтырылсын: «егер осы мекен-жай бойынша тіркеу кітабына тіркелмеген нақтылы адам тұратын болса, барлық тұратын отбасы мүшелерінің табыстары есептеледі»;
16 тармақтағы «он күн ішінде» сөздері «он бес күн ішінде» сөздеріне ауыстырылсын;
16 тармақтың 4) тармақшасындағы «ағымдағы тоқсанға» сөздері «өткен тоқсанға» сөздеріне ауыстырылсын;
16 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда берілсін:
«телекоммуникация қызметтерін абоненті болып табылатынын растайтын құжаты (анықтама, шарт, не телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот);
31 тармақ келесі редакцияда берілсін:
«Абонент – осы мақсаттар үшін абоненттік желі абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөлінген, байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан жеке тұлға;
32 тармақ келесі редакцияда берілсін:
«Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің мөлшері қолданыстағы абоненттік төлемақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік төлемақы арасындағы айырма ретінде белгіленеді.
2. Осы шешім Ақмола облысы Щучье ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
ХІV (кезектен тыс) сессиясының
төрайымы Н.Әбірова
Аудандық мәслихат
хатшысы Г.Марченко
КЕЛІСІЛДІ:
Щучье ауданының
әкімі В.Балахонцев
«Щучье ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндеттерін атқарушы Ш.Бостамбаева
«Щучье ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Г.Тінәлинова
«Щучье ауданының қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы В.Корнеева