«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, 2009 жылдың 27 сәуірдегі тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып Бурабай кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Бурабай кентіндегі Детский санаторий шағын ауданының атауын – Көркем шағын ауданына өзгерту.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бурабай кенті әкімінің орынбасары Б.М.Патсаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім Щучье ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай кентінің
әкімі Қ.Әшімянов