"Көркем" шағын ауданының көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Щучье ауданы Бурабай кенті әкімінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 12 шешімі. Ақмола облысы Щучье ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 тамызда № 1-19-166 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, 2009 жылдың 28 шілдесіндегі тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып Бурабай кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай кентіндегі «Көркем» шағын ауданының көшесіне «Ақжайық» атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бурабай кенті әкімінің орынбасары Б.М.Патсаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай кентінің әкімі                     Қ.Әшімянов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Щучье ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлкеттік мекемесінің бастығы             Д.С.Қарсыбаева

      «Щучье ауданының сәулет
      және қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А.З.Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады